Қазақстанға шетелдегі қазақтардың керегі жоқ
Қазақстанға шетелдегі қазақтардың керегі жоқ екен. Жақынғы күндерден бері шетелден Қазақстанға келе алмай жатқан қандастарымызбен және Қазақстанға келіп алып азаматтық ала алмай жүрген қандастарымыздың ызасы мен шенеуніктердің саяси ұпай үшін айғайлаған жалған ұранынан мен осыны ұқтым. Шетелдегі қазақтардың отаншылыдығы, қазақтың ұлттық тәуелсіздігі мен егемен ел болып өмір сүруі елдегі жергілікті қазақтардан әлде-қайда жоғары болмаса кем емес. Әлемнің сан түкпіріне тарыдай шашылған қандастарды жинау қазіргі Қазақстандағы орындалуға тиісті бірінші мәселе деп қарайды олар. Қазақстан бізді керек етпейді деген түсінік тіптен ойыда жоқ дүние. Ал, оны түсінген күнде де, оларды Қазақстан керек етпесе де, ЕЛДІ, тәуелсіз ОТАНДЫ обар бәрібір өзектен теуіп сыт айналмайды. Бұл – өзін-өзі алдағандық әрнине. Қазіргі қоғамның көзімен қарағанда өте күлкілі дүние.
Қалалық немесе Обылыстық әбердің алдына барсаңыз туған жерлеріне қайту визасын аштыра алмай жүрген өз қандастарымыз шеңдей соғылысады. Мынаған қараңыз, сол жердегі осындай құжатқа қажеті түскен қытай мен ұйғұр еш кедергісіз қызыл пасапортын береді де керекті мөрі мен елтаңбалы көк қағазды арасына қыстырып шыға береді. Ал, қазақтарға(оралмандарға) ондай мәртебе жоқ. Жоғардан шектелген, тұра тұр дейді.
***
Жоғарыдан шектелген, тұра тұр дейді. Ойналып жатқан саяси шахматтың бір тасысың сен, ендеше, иеңнің икеміне көн. Неге? Негесы жоқ, маңдайдағы жазу сол дейді білгіштер. Рас, маңдайдағы жазу сол. Жоғарыға өкпелей берудің түк те қажеті жоқ екен. Кінәлі өзіміз, несіне сонша сорлап, басы артық мәселенің ұйтқысы болып жүргенімізді түсінбеймін. Бізді ешкім қуған жоқ еді, бірақ, келдік. Армандап, аңсап жеткенде ана құжат, мына құжат деп қаптаған ала қағаздың астандағы өңкей мәңгүрт темір қапасқа екі күннің бірінде сүйрейді.
***
Бұл – менің досымның әңгімесі. Ашынған, түңілген. Қыларға қайран жоқ. Еншілі бақыт… Бақыт жоқ. Қайдағы бақыт? Ол бәлкім өз отанының топырағын басқан сол алғашқы бірнеше минутта ғана бақытты болған шығар. Ұшықталмай жатқан бір сабақ жіппен ғана тең мәселе – бұл. Ал, оның астарында, алдында, артында қаншама былық?! Жіп – инеге сабақталсын-ақ, оны кім ұстап қай пұшпағын жамайды, құрым болған қай киізді оқ теске қай үзігіне апарып жамайды, әй қайдам, киіз үй жағалап, үзік-туырлық бүтіндейтін адам қалды ма? Жаратушы Алланың берері жоқ, бірінікін-біріне алып береді. Бізге кімдігін береді, біздікін кімге берді деген Тәңірге ғана аян сұарқ жиі мазалай береді…
Posted on 2010/06/15, in "Қазақ" газеті, Журналистика, Киіз кітап, Тез басында қисық ағаш..., Kazprose, Қазақы ғаламнан бір үзік сыр. Bookmark the permalink. 7 пікір.

BlogCamp: Блогшылар құрылтайы
.


бюрократия – біздің қоғамның құртжегісі! қолында мөрі барлар өздерін құдай сезінеді. келмей ақ қойыңдар дер едім, әсіресе еуропалық қазақтарға. патриоттардың басына жазылғаны – қорлық пен азап, оны кезінде атылып кеткен боздақтарымыздан көреміз.
Мейіржан, итке өкпелеп тоныңды отқа жақпа! Билік те мәңгілік емес, есік көзіндегі полицей де мәңгілік емес! Ертең осы елдің иесі сен боласың, мен боламын – біз боламыз! Мұндай бюрократияға қыңқ деме! Шыда! Шыдамасаң, қазақтың ордасына басы жетпей, Қытайда сүйегі қурап қалған ата-бабаңның аруағы қамығады.
Өз басым, қайтқысы келгендер қайтып келсе де менің еш қарсылығым жоқ!
Pingback: Global Voices in English » Kazakhstan: Bloggers see China’s “weaponless invasion”
Pingback: neweurasia.net » China’s “weaponless invasion” of the Kaznet
Pingback: Мінбер.kz » Қазақ блогтарындағы Қытай тақырыбы
Pingback: Neweurasia – Kazakhstan » #2 Қазақ блогтарындағы Қытай тақырыбы