Қытай қазақ блогшылары

Қытай қазақ интернет тарихы 1998 жылдан басталады. Ең алғаш Әсет Әрінұлы Chinaren ерікті бетінде сынақ ретінде жасаған «Ауыл» сайты (www.awil.net) - тұңғыш шаңырақ көтерген Қытай қазақтарының веб сайты. Сайт қазақ ру-тайпаларын сандық жүйге енгізіп, ата-тек іздеуге қолайлылық жаратты. «Ауылдың» пікір қалдыру тақтасы мен кеңесжайы қытай қазақтарына қазақ тіліндегі алғашқы әлеуметтік желі ретінде танымал болды. 2000-ыншы жылдан кейін Қытай қазақ сайткерлігі жаңбырдан соңғы жауқазындай қаулап «Жоңғар», «Ерентау»(2001), «Тамшы»(www.tamxi.com), «Парасат»(www.parasat2.net)(2003), «Поп.кз», «Қазақ студенттері», (2004) «Жас қанат», «Бұлақ», «Дала»(2005), «Тұлпар», «Бозбала», «Сен – Қазақ»(www.cnkazak.com)(2006), «Сахара», «Тұран», «Ел-Арыс»(2007) сияқты беделі мен берері мол, өз алдына даралықтары көп ғаламтор бекеттерімен толықты. 2009 жылы қасиетті Нурыз мерекесімен бірге «Күлтегін» тарих, әдебиет желісі құрылып, тез арада іргелі сайттардың біріне айналып үлгерді. Сайткерлік – өз алдына жауапкершілігі басым, белгілі бағыттарды ұстанатын интернет бұрышы болса, ал, блог – айтпаса да түсінікті.

Нұрлының блогы «Мың бір түн»(http://nurli.blogbus.com/)

Қытай қазақ тораптарында Нұрлы есімімен жалпыға таныс болған блоггердің жекелік бұрышындағы ілмектерінің өзі адамды бір селт еткізбей қоймайды. «Жүректегі жүзік», «Көкейдегі күбірлер», «Аптаның сегізі», «Сөредегі сөздіктен», «Жеті жарғы», «Болжамның айтары», «Сандықтағы сарқыттан» болып басталатын әр «қоржынның» екі басы тоқ. Нұрлының блогы қытай қазақ блогшыларының ішіндегі ең маңдайалды блогтардың бірі. Блогтың негізгі жүлгесі автордың қытай жазушылары және қоғамында, әлем әдебиетінде жоғары бағаға ие көркем туындылардың аудармасымен толыққан. «Көкейдегі күбірлер» - қазақ қоғамының дерттеріне ашына қарап, ашыла сөйлеген блогердің жүрек ізінен қалған толғанысқа толы бедерлеры сияқты. Блог маңдайшалығына жазылған:
«Бала қиял баурады, жебеді әрі,
Ертегіден басталды неге бәрі?!
Сол ғажайып әлемнің ой мен қырын,
Шарлап тауса алмастан келем әлі…»
деген жыр жолдары да адамды терең ойға қалдырып, бейжай қалдырмайтыны сөзсіз.

Қайырымбектің блогы (http://hayrmbek.blogbus.com/)
Блог – автордың жеке шығармашылығы мен аудармаларының басын бір арнаға тоғыстырған бұрыш. Блогта Рабиндранат Тагордың «Анамен хоштасуы», «Әлемнің солақан алыптары» сынды аудармалары мен азаматтың қазақ тілі туралы ойлары, өлең-жырлары, http://blogbus.com/- жаңалықтары мен қазақ тілінде блог жүргізу техникалары туралы жан-жақты мәліметтер береді. Қайырымбектің қазақ блогерлер ортасына қосақан жаңа бір үлесі, ол – «Қазақ блогтар топтамасын»( http://hayrm.blogbus.com/) құруы. Топтаманың крилл нұсқасы да жақынғы күндері іске қосылады.

Әппақтың блогы (http://appakh.blogbus.com/)
«Жүрісінен таймаса, ат басқан жерді тай басады». Бұл сөз – блогер Әппақтың жекелік бетіндегі ұраны. Әлеумет ұғымы көптеген адамдардың бір ортада топтасуынан туады десек, жекенің сол әлеуметке, қоғамдық ортадағы адамдарға, әр түрлі құбылыстарға болған көзқарасы сізді де ойлануға жетелемей қоймайды. Әппақтың әрбір жазбасы ұқсамаған орталарды әр қырынан көрсететін айна тектес. «Басқаның қателігімен мазалану» атты мына бір жазбаға назар аударып көрсек:
«Кейбіреулер қызық… еңкейіп тұрсаң да, иегінің ұшымен қарайды, аманыңды алмайды. Мүмкін сәулесін алысқа шашқан терең жан болғасын, мен сияқты енді бойжеттім бе деп жүрген қызды көзге ілмегені болар десем де, шелекке отырғызған гүл сияқты тамырсыз пенде болмасы бар ма?!»

Ақиықтың блогы (http://ahyeh.blogbus.com/)
Компьютер мен ғаламтор, блог мен сай жасау туралы пайдалы кеңестерімен ерекшеленетін Ақиықтың блогы мұнан тыс әдебиет пен өнерге, ән мен күйге де ат басын бұрады.

Күнестің блогы (http://kunes.blogbus.com/), Адайдың веб сайты (http://www.aday.tk/), Махаттың блогы (http://muhamet.blogbus.com/), жазушы Сұлтан Рамазанұлы Жанболатовтың блогы (http://janbolat.anyp.cn/blog/), Аякөздің адайының блогы (http://ayakoz.blogbus.com/), Нұрболаттың блогы (http://nurbolat520.blog.163.com/), Сенімнің мекені (http://senim.blogbus.com/), Құлтайдың блогы (http://kzarman.blogbus.com/), Бастау блог (http://cnkazak.blogbus.com/), Тамашаның блогы (http://tamasha.blogbus.com/), Өз қазақ блогы/латынша/ (http://ozkazakh.blogbus.com/), Нұрлы болашақ (http://bolaxak2010.blogbus.com/), Ағажай (http://www.ahajay.com/) қатарлы төте жазудағы блогтардың бәрінің де өз айтары бар, мейлі көркемделуі жағынан болсын, мейлі мазмұн жағынан болсын әр алуан тақырыптарды тілге тиек етіп отырады.

Өзіңіз хақында kazprose

Қазақ елі аман болсын!

Posted on 2010/07/23, in Журналистика, Киіз кітап, IT тахникасы, Kazprose. Bookmark the permalink. 5 пікір.

  1. ияя кызыга карап карап койдым…окініштісі төте жазуды тани алмайтындыгым..

  2. Сәлем тораптастар !
    Байқаимын жоғарыдағы блогтардың қатарында менің жекелік блогым жоқ сыияқты .
    Байқаимын , көп тораптастар көз сала бермесе керек .
    Мен ел іші – сыртындағы барлық тораптастардың жекелік блогыма
    Ат басын бұрыуын , ұсынс – пікір беруін қарсы аламын !
    кірил нұсқадағы блогым : http://toges .blogbus.com
    төте жазудағы блогым : http://toges.wordpress.com
    құрметпен : тоғыс

  3. Көп рахмет. Мүмкін болса, төте жазумен қазақ блогосферасы туралы да жазбаларды Қытайдағы қазақ блогтарына жариялап, арада дәнекерлік жасағанымыз құба құп!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Connecting to %s

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.