«АЙҚАП» ЖУРНАЛЫ

«Айқап» журналы ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының ұлты үшін атқарған ұлы еңбектерінің куәсі. Журнал 1911 жылдың қаңтары мен 1915 жылдың қыркүйегі аралығында Троицк қаласынан кейде айына бір рет, кейде екі рет шығып тұрған қазақтың алғашқы қоғамдық саяси және әдеби-мәдени журналы. Редакторы – көрнекті көсемсөзші, ақын, зерттеуші Мұхамеджан Сералин. Журналды шығару ісіне татар ұлтының зиялылары біршама қаржылай-рухани көмек көрсеткен. Басылымның 88 саны жарық көрген. Журналда А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ш.Құдайбердіұлы, С.Торайғырұлы, Б.Өтетілеуұлы, С.Дөнентайұлы, Қ.Кемеңгерұлы, Ә.Ғалимұлы т.б. қалам қайраткерлерінің еңбектері жарияланған. «Айқап» ұлт тарихы мен мәдениеті тақырыбын да біршама зерделеген. Қалайда журнал ХХ ғасыр басында қазақтың саяси, мәдени деңгейінің өсуіне айрықша ықпал еткен. Басылым атына келсек, қазақтың «әй, қап!» деген өкінішке толы сөзінен туған. Яғни, мақсаты – өкініштің орнын толтыру болған. Ал, «Айқапқа» айдын әрі пана Троицкі Қостанай-Торғайға жақын, әрі сол кезде бұл өңір тұтасымен Орынборға қараған еді. Соңғысының кейін астана болып кетуінің де сыры осында. Қазіргі кезде «Айқап» бетінде жарық көрген материалдар сол кезеңнің даму ерекшелігін, ұлт мәселелерін тануда үлкен деректік мәнге ие болып отыр.

“Алаштың ардағы” кітабынан
—————————–
Кітаптарымды ақтарып отырып осы материялға кез болдым. Ғаламторға іздеу салған бір кісіге көмегі болар деген оймен жолдап қойдым. :)

About these ads

About kazprose

Қазақ елі аман болсын!

Posted on 2010/10/06, in "Қазақ" газеті, Журналистика, Киіз кітап. Bookmark the permalink. 1 пікір.

  1. Сізге көп рахмет))

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.

Join 786 other followers

%d bloggers like this: