Бөлім Mұрағаты: Қазақ поэзиясы
МЕН ЕНШІМДІ АЗ АППЫН
Мен еншімді аз аппын,
Әкеміз де аз алған.
Баласымын қазақтың,
Құрт жеп тісі қажалған.
Кезінде ойлап білген бе едік,
Кей құрбыға наз айттық.
Құрт сияқты бірден жеп,
Өмірімізді азайттық.
Өлеңнің авторы: Құмарбек Сахарин, ақын, жазушы, ҚХР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Көгілдір қателік
Сені сүю –
Әрине, қателесу!
Сол қателік жүректі мәпелесін.
Шашы ағарған масаңдау махаббатты,
Сен жетелеп алдыма әкелесің.
Саған емес,
Ғашықпын елесіңе…
Жапырақтың жаралы денесінен –
Қабылдадым,
Мұңның иісі аңқыған ән ырғағын.
Көрдім солай көгілжім көкжиектен,
Жас ғұмырдың жап-жасыл тамырларын.
Жасыл тамыр…
Жанып тұр тым биікте. Read the rest of this entry
Сазгердің соңғы монологы

Қарау да қарау дүние,
Қарамай менің күйіме,
Қасарып қалдың неге се?!
Музамен мұңын қалғытқан
Мұңдасым барда халді ұққан,
Осындай «осал» емес ем…
Жүк артқан мынау жүрекке,
Жарық па, сірә түнек пе? Read the rest of this entry
Балапан Рабатов өлеңдерінен
Балапан Рабатов – белді ақын, қарымды журналист. Қазір, Орталық Қазақ радиосында жұмыс атқарады.
АРМЫСЫҢ ҚЫНАЛЫ ҚЫР, БӨРТЕ БЕЛЕҢ
ӨЛЕҢ МЕНІҢ ЕМЕС ЕДІ ЕРМЕГІМ
Өлең менің емес еді ермегім,
Өлерменім сөзге қонақ бермедің.
Болған істен бояу таппай жырыма,
Толғаныстан тоқырасам өлгенім.
Read the rest of this entry
Қызыл ішік
Иілгенде су алғалы суаттан,
Қырдың қызы қып-қазыл киген ішік.
Су жымияр
Сезіліп қуанғаны
Секілді бір келгендей үйрек ұшып.
Мөлдірлікке толтырып ақ шелегін,
Аттағанда аһ ұрды жаралы мұз.
Бір ақынның жатқа айтып жақсы өлеңін,
Жалғыз аяқ жолменен барады қыз.
Read the rest of this entry

BlogCamp: Блогшылар құрылтайы
.

