Либияның аспаны қалың ұшақ

Либияның аспаны қалың ұшақ,
Каддафидың кескендей сәнін пішақ.
Саркозидың асты ғой алапасы,
«Одиссейдің» шалқыған әні құсап.

Келе жатыр алдыда сәуір айы,
Біреулерге сәуір айы сары уайым.
Дүниені оңар деп өлеңдей қып,
Қолымда билігім жоқ не қылайын? – деп өлеңдетіп отырсаң, ә…

Наурыз мерекесі, ұлыстың Ұлы күні құтты болсын! Ақ мол болсын, еліміз ырысты бола берсін!

Өлең авторы: Құсни

BlogCamp @erlankarin

Үлкен қуаныштың бастауы

Бүгін KIMEP-те құрылтайға дайындық өткіздік. Жаңа ғана Жанарбек ағаны күтіп алдым. Ол кісі де қатты қуанып жүр. Бәрімізге де осы бір қуаныштың ортақ екені белгілі, көңілдегі алаң мен үміт ақыры сейіліп, бәрі де қуанышқа айналатын күн жетті. Келе жатқан мерекемен құттықтай отырып, Блог Құрылтайдың сәтті өтегініне сенім білдіре барлық блогерлерді құттықтаймын. Тағы бір игі жаңалық, “Қазақсофт”(төте жазудағы сайт) сайтының құрушысы осы Блог Құрылтайдың ашылуын құттықтай отырып сый ретінде қазақша-қытайша интернет сөздігін тегін іске қосыпты(жоба туралы түсіндірме). Оны жаңа ғана маған хабардар етті. Тәліп Нүсіпұлы ағамыз және басқа да келмекші болған қытайдағы блогшы ағайындар виза берілмеуі себебінен бұл жолғы дүбірлі жиынымызға келе алмады. Блогшы қауымға дұғай сәлем жолдады.

Ұйғұр компьютерлік техникасының даму деңгейі

Ұйғұр IT-шіктерін мойындамасқа алам жоқ. “Biligyr” атты программамен кез-келген қытай тіліндегі күнделікті істетіп жүрген барлық программаларды ұйғыршаға лезде аударып жіберуге болады екен. Бұл менің сол программаны түсіндірілу бейнебаянын өңдеп жасағаным. Біздің де осындай күнге жетер шағымыз болар ма екен?

Қайыр хош, жарық көзі!

ҚазҰУ-дің 5-жатақханасында адам сенгісіз заңдар шыға бастады. Осыдан бірер апта бұрын саған 11-ден кейін дәлізде жүруді шектесе, енді бүгін сағат 11-ден кейін бөлмелерден жарықты сөндіру керек деп жатыр. Ал, біздің “билік” студенттердің сабаққа осы түнгі тыныштықта отырып дайындалатынын білмей ме? Білсе мұның өрескел әрекет екенін неге аңғармайды? Қайыр хош, жарық көзі! Студенттер қауымының “Журфак шуынан” кейінгі белсенділігін байқастап көрудің бір жолы шығар бұл. Дегенмен, ертеңнен бастап студенттердің базар жаққа барып үстел шырақ сатып ала бастайтындығы анық.

Сенің көңіліңдегі басқа планета адамы қандай?

This slideshow requires JavaScript.


Синьхуа агенттінің сайтында «Әр адамның жүрегінде өз арманындағы басқа планета адамы бар. Сіз ойлаған басқа планета адамы қандай?» деген тақырыпта бірнеше суреттерді берген екен. Енді сол суреттер сіздердің назарларыңызда. Сіздің қиялыңыздағы басқа планета адамы қандай? Олар тіпті адам бейнесінде болмауы да мүмкін ғой… :)

Арулар асыл жандар, ардақтылар…

Аяулы аналардың, сүйікті жарлардың, жанға жақын әпкелердің, қымбатты қарындастардың мерекесі құтты болсын!

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.