Ұзақ уақыт бойы хабарласпаған досқа арнау

Image

Достым, сен алаңдама, сенің маған хабарласпай қоюыңа, менің саған хабарласпай қоюыма біздегі достық сезімнің өзгеруі кінәлі емес, қайта біздің өмір сүру ортамыздың өзгергені себеп болды. Тек қана біздің бір кездері дос болғанымыз есімізден көтеріліп кетпесе екен деп тілеймін! Біз үнемі бір-біріміздің жанымызда жүре бермейміз, қазір тіпті СМС жазу деген атымен жоғалған. Әр кім өз басындағы қуанышы мен қайғысын бірінші болып сенімен бөлісуге мұршасы жоқ, жүректегі достық сезім салқын тартып қалған тәрізді. Біз бірге ас іше алмаймыз, бірге қалжың айтып, жадырай күле алмаймыз, тіпті бұрынғы өз армандарымыз бен қиялдарымыздың әлемінен қашқын болып жүрген сияқтымыз. Сол сезімдердіге бетпе-бет келген кезде жерге кіріп кетердей болып ұялып кетеміз. Барлығымыздың өз тағдырымыз бар, жаңа ортамыз бар, жаңа достарымыз бар, мүлде жаңа жұмыстарға жегіліп, бейтаныс адамдар қасымызда жүреді. Олар біздің жаңа қуаныштарымыз бен жаңа қайғыларымызды бөлісіп, ортақтасады.

Кейде, жалғыз қалғанда сол баяғы достарыңды сағынасың, кейде тіпті үйдегі қоқыстар арасында жатқан кішкентай, кір басқан сыйлықтар да сол бір үзік-үзік елестерді ойға салады. Ол – дәл сенсің, бұл елестер, бұл сағыныштар сен туралы.

Бүгінгі күнде сол достардың барлығы әлемнің әр түкпірінде жүр. Бірақ, бір уақытта, бір ауамен тыныстап. Кейде ғаламтордағы жаңаланып тұратын жеке парақшаларға салынған суреттер де әрбір минуттың, әрбір достың тыныс-тіршілігінен дерек беріп жатады. Кейде бір ауыз қолтаңбадан, кейде жазылған бір блогтан оларды танып аласың.

Міне, осындай дүниелерге қарап сендердің алыс жақтарда, жақсы үстіне жақсы бола түсіп, бақытты болған үстіне бақытты болып жүргендеріңді көремін!

Достым, егер күндердің күнінде жолымыз түсіп жүздесу бұйырса немесе оқиаттан көлік кептелісінде мәшине тізгінінде отырып, әуежайда асығып бара жатып ұшырасып қалсақ сол баяғы сезімдер лап етіп жүректе жана кетеді.

Достым, жүзесіп жатсақ тосырқама, есіңде болсын бәрі өзгерген жоқ!

Біздің қастерлеуге тиісті сезімдеріміз әлі сол күйінде жүректің түкпірінде жатыр. Достарымды, шын достарымды сағындым!

Microsoft компаниясы Build мәжілісінде Windows 8-ді таныстырды

Мәжіліс өткен орын

Мәжіліс өткен орын


Қыркүйектің 18 күні Microsoft компаниясының Build мәжілісі АҚШ-тың Калифорния штаты Анахайм қаласында ашылды. Read the rest of this entry

Қытайда жылына 250 мың адам өз-өзіне қол жұмсайды

«Пекин таңы» газетінің хабарлауынша қытайда жылына 250 мың адам өз-өзіне қол жұмсап, 2 миллионнан астам адам көздеген мақсатын орындау барысында жан сақтау бөлімдеріне жеткізіліп, өмірге қайта келеді екен. Жас мөлшері 15-пен 34 аралығындағы жастар арасында өзіне қол жұмсау өлімнің ең басты себебі болып тіркеліп отыр. Read the rest of this entry

Табысқа жетудің сыры

1953 жылы АҚШ-тағы мәлім бір университет оқу тәмәмдау алдында тұрған он мың студенттің көздеген арман-мақсаттарының бар-жоқтығын тексерген. Нәтижесінде, 3% студенттің ғана алға қойған нысанасы бар екені айқындалған. Демек, АҚШ-тың ең әйгілі университеті түлектерінің 3 пайызы ғана табысқа жетуді ойлады деп қортынды шығаруға болады. 10 жылдан кейін университет осы студенттерді із қуалап тексеру арқылы әлгі көздеген арман-мақсаты мен тырысу ниеті бар 3% студенттің байлығы әлгі он мың студенттің он жыл ішінде тапқан-таянғандарының 50%-нан көп болған. Табысқа жету үшін өте талантты болудың қажеті шамалы, тек алға қойған нысанаң мен жоспарың жақсы болу керек.
Мәлім бір адамның арман-мақсатының болмауы оның таксиге шығып, қайда баратынын айтпауымен бірдей. Егер сізде алға қойған мақсатыңыз айқын болмаса немесе жоқ болса, онда сіз рухы берік, арманы зор адамдарға көмектесіп жүруші ғана боласыз. Сондықтан, қарапайым болса да пенде баласында болашаққа айқын бағдары болуы керек. Read the rest of this entry

Қытай әдебиетіндегі “Хан Хан құбылысы”

Хан Хан – қытайдағы ең беделді жас жазушы. 1982 жылы 23 қыркүйекте Шанхайда дүниеге келген. 1999 жылы жастар өмірін арқау еткен тұңғыш романы Қытай, Тайуан, Hong Kong, Жапон және Франция сияқты жерлерде басылым көріп, тиражы 2 мил. асқан. 2010 жылы сәуір айында АҚШ-тың «Дәуір апталығы » журналы Хан Ханды «Дүниедегі ең ықпалды 100 адам қатарына» енгізген. Көптеген оқырмандар оны 80 жылдың мықтысы деп атасады, өйткені, ол 80 жылдары өмір есігін ашқан жастар ішінен ең ерте қара үзіп әлемдік ықпалға ие болған жастардың уәкілі есептеледі. Read the rest of this entry

Франция поэзия әлемі

Франциялықтардың өз сөзімен айтқанда, Францияның қазіргі поэзия әлемінен екі түрлі бетпе-бет бейнені көреді екен; бірі, реалды тану және барлыққа келтіру мұраты, енді бірі, осы заман трагедиясының мәні. Әркім өзі білгенімен болып жатқан Батыс қоғамындағы осы заман трагедиясының мәнін ұғыну онша қиынға соқпаса да, реалды тану және барлыққа келтіру мұраты дейтін түсіну тым оңайға түсе қойғандай емес. Неге десеңіз, Франция поэзиясы романтизм табалдырығын аттағаннан бастап, ақындар обеъктив мәнге бой ұрып, өлеңді «ақынның көңіл-күйі», «жанның тынысы» деп қараған екен. Әсіресе, реализмге жеткен шақта, мұнанда бір адым ілгерлей түсіп, адамның қалыпты писихологиялық қалін ғана емес, адамдағы аңдаусыз сананы да поэзия дүниесіне жатқызады. Read the rest of this entry

Қазақ киносындағы соны леп

7-сәуір, яғни бүгін режиссер Ақан Сатаевтің фильмі «Ликвидатор» көрермендерге жол тартты. Көрдік. Сездік. Білдік. Нені көрдік? Ненні сездік? Нені білдік?

Көргеніміз

Шөбі мен шөңгесі көп, сүрінісі мен жаңылысы да жоқ емес қазақ бейне түсірілім тарихы тағы бір қуанды. Мені қуантқаны қазақ киносына экран арқылы адам жанына үңілу үрдісі, писхологиялық төңкеріс, қоғам мен адам, ашалап айтсақ қазақ қоғамындағы заң мен сақшы рөлін көтеруі және идеологиялық сипат алуы болды. Аз сөзбен айтқанда көргеніміз осы.

Сезгеніміз

Көтерген идеяның қуаты және режиссерлік шеберлік жағынан үлкен табысқа, соныға із салған. Бұл менің жай ғана көрермен ретіндегі эмоциям ғана. Бірінші көрілім, алғашқы әсер, әрине, өте жақсы. Еліміз киносындағы жақсы беталыс, кең таралған моды ағым киношылдыққа жоғары сауаттылықпен келіп өз көрермендерін, аудиториясын тәрбиелеу – бұл ертеден басталып, осы күні шырқау шыңына шығуға тиісті сала еді. Бірақ, бізде енді-енді халықтық сипатқа еніп келеді. Read the rest of this entry

%d bloggers like this: