Мүшел жас және туыс атаулары

Мүшел жас

1-мүшел – 13 жас (ер жете бастау)
2-мүшел – 25 жас (жігіттік жас)
3-мүшел – 37 жас (ақыл тоқтау)
4-мүшел – 49 жас (орта жас)
5-мүшел – 61 жас (орта жас)
6-мүшел – 73 жас (қарттық)
7-мүшел – 85 жас (кәрілік)
8-мүшел – 97 жас (қалжырау)
9-мүшел – 109 жас (шөпшек сүю)
10-мүшел – 121 жас (немене сүю)

Ер адамның өз жұртының атаулары
Ата – әкенің әкесі, бергі ата
Арғы ата – атаның әкесі
Әже – әкенің шешесі, үлкен әже
Әке – өзінің туған әкесі
Апа – өзінің туған шешесі (анасы)
Әпке – өзінен жасы үлкен қыз (әйел)
Қарындас – өзінен жолы кіші қыз (әйел)
Аға – өзінен үлкен ұл бала
Іні – өзінен кейінгі ұл бала
Ағайын – бауырлас, аталас адамдар
Баба – арғы ата, үлкен ата
Жеңге – ағаның әйелі
Келін – інінің әйелі
Жиен – күйеуге шыққан әпкеден не қарындастан туған бала
Жиеншар – жиеннен туған бала
Жезде – әпкесінің күйеуі
Күйеу – қарындасының күйеуі
Немере – ата-ананың ұлынан туған баласы
Шөбере – немереден туған бала
Шөпшек – шөбереден туған бала
Немене – шөпшектен туған бала
Туажат – неменеден туған бала
Жүрежат – туажаттан туған бала
Жегжат – жүрежаттан туған бала

Ер адамның нағашы жұртының атаулары
Нағашы ата – шешенің әкесі
Нағашы әже – шешенің шешесі
Нағашы аға – шешенің аға-інілері
Нағашы апа – шешенің апа-сіңлілері
Нағашы іні – шешенің бауырларынан туған жасы кіші бала
Нағашы қарындас – шешенің бауырларынан туған жасы кіші қыз
Нағашы жезде – шешенің апа-сіңлілері күйеуі
Нағашы жеңге- шешенің аға не бауырының әйелдері
Бөле – шешенің апасы не сіңлісінің ұл-қыздары

Ер адамның қайын жұртының атаулары
Қайын ата – әйелінің әкесі
Қайын ене – әйелінің шешесі
Қайын аға – әйелінің ағасы
Қайын бике – әйелінің әпкесі
Қайын іні – әйелінің інісі
Балдыз – әйелінің сіңлісі
Бажа – әйелінің әпкесінің не сіңлісінің күйеуі

Әйел адамның қайын жұртының атаулары
Қайын ата – күйеуінің атасы
Қайын ене – күйеуінің шешесі
Қайын аға – күйеуінің ағасы (жақын ағалары)
Қайын бике – күйеуінің әпкесі (жақын әпкелері)
Қайын іні – күйеуінің інісі (жақын інілері)
Қайын сіңлі – күйеуінің қарындасы (жақын қарындастары)
Абысын – қайын ағасының әйелі
Ажын – қайын інісінің әйелі
Жезде – қайын бикесінің күйеуі
Күйеу – күйеуінің қарындасының жұбайы

Advertisements

About kazprose

Қазақ елі аман болсын!

Posted on 2010/03/16, in Киіз кітап. Bookmark the permalink. 2 пікір.

  1. Жақсы таратып жазылған

  2. Нұралы

    «Жезде – әкесінің күйеуі» емес әПкесінің күйеуі! Әкеңіз еркек емес пе?
    «Нағашы жеңге – шешенің апа-сіңлілері күйеуі», Шешенің апа-сіңлілерінің күйеуі– нағашы жезде болады. Шешенің аға не інісінің әйелі – нағашы жеңге болады.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: