КӨКАЛА БӨЛТІРІК

Шолақ жүз қойы бар.Сонымен-ақ,әкем өзегі талып көрген жоқ-ау.Сүре жол, асуларға соқпай сиырлы көшпен сып беріп шыға келетін де,қиыр,шет қонады ол.Бірақ,жаңа жер.Тың өріс.Ұмытқам жоқ,қоныс сайын көрерім:Дәу ағаш,биік тастар.Құс,аңы қаншалық!
Бала қойшының бүгін «басы ауырып»,қой шетіне әкей шыққан.Қыңқылдап ем,мені де мінгестіріп алды ол.Қыратпен шұбалып,қойлар ойпаңға таман ойысты.Бәрін бастап ақ серке мен қара қой жүр.Қара қой қораның сәні.Шанда бір ұшырайтын –төрт мүйізді әм,үлкен,жарықтық!
Қыраттың әр жерінен әкем бөріктей, көк бұйра шөпті көрсетіп:
– Мынау, «қасқыр жем».Шіркіннің шығысы-ай! Оны жеген қасекең,қойға қарамас дейді. «Қасекең» дегені- қасқыр.Мен ұға қоятындай,бөрінің ұзын-сонар әңгімесін айтты.Атын естиім оның,қандай мақұлық екенін көргем жоқ.Көз алдыма өзім қорқатын «Тырнақбай» дейтін біреу құсап елестейді.Қасқыр баяғы-Тырнақбай.
Шоқ рғай түбі,Әкем көлеңкеде отыр.Қарай тұру үшін,мені атқа мінгізе қойған.Маңымыз бітік шөп,бүрген.Бірақ ат үстіндемін,қойлар анық көрінетін.Әлде бір ара ызыңдап бетіме тайай,оңды-солды мен сабалана бастадым.Бір уақ қамшы да тиді-ау,ара тырс етіп,жалпақ тастың үстіне түскен.Мақтанып,әкейге қарайым.Онымен ісі жоқ,сыпырған тақыр жерге ол,құмалақ салып отыр.
Арамен айланысуым, «Мақтануым» бар,кешіге қалыппын.Қарсам керемет! Төрт мүйізді қара қой мен бір «Ит» ойнап жүр.Сол ит-ала,көкала болып көрінді маған.
– Ә-әй!-дейім дабыстай.
Әкем «тоқта!» деп,қатқыл қабақ танытты.Оның: «Қасқыр», «Бөлтірік» деген күбірін естідім.Ат басын шоқ рғайға бұрып,біраз сығаладық.Қой мен қасқыр кет ары емес.Қара қойдың белінен қарғыған ол,ар жағына әрең түсіп,тұмсығымен жер сүзеді.Ту-у,бөлтірік бауырынан өткен қойымыз да,көтеріле барып,тырабай асқан…
Сәлден кейін айқай салдық.Бөрі өз бетімен кетті.
– «Қасқыр жемнің шығысы биыл бөлек! Мұны жеп,бөлтірік қойға қарай қоймас»-дегенін,әкей тағы бір қайталады.Міне одан бері жер басып жүрміз.Мұндай «ойын» көрмедім.Әйтеуір,көкала бөлтірік пен қой көз алдымнан шықпайды.

Авторы: Серік Қапшықбайұлы

About kazprose

Қазақ елі аман болсын!

Posted on 2010/07/21, in "Қазақ" газеті, Киіз кітап, Kazprose, Қазақ прозасы. Bookmark the permalink. Пікір қалдыру.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: