Monthly Archives: Тамыз 2010

Шіңгілдегі «Қаражорға» мерекесінен көріністер

Қытайдың Шіңгіл ауданында тұңғыш рет «Қара жорға» мерекесі өтті АСТАНА. Тамыздың 31-і. ҚазАқпарат /Ризабек


Read the rest of this entry

Advertisements

Әзіл сұраққа әзіл жауап

1. Мен кәмпитті жақсы көремін, бірақ, кәмпит жесем тісім ауырады, қайтсем болар?(Құлжа қаласынан: Азат)
Ж: Онда кәмпитті шайнамай жұта салыңыз.(Үрімжіден: Ерлан)
2. Мен о дүниедегі досыма хат жазбақшы едім, бірақ, оны жіберетін почта таба алмай жүрмін, не істесем болар екен?(Шәуешек қаласынан: Арман)
Ж: Почталион сіз болсаңыз почта табылар еді. (Күнес ауданынан: Еркін)
3. Кітаптың алдына «кіріс сөз» жазылып, соңына «шығыс сөз» жазылмайтыны қалай?(Буыршын ауданынан: Жомарт)
Ж: Іліп-шалып шыға жөнелмей, көбірек үңілсін дегені шығар.(Құлжа қаласынан: Тұрлыбай) Read the rest of this entry

Қытайда Facebook, Youtube, Twitter сайттары шектелді

Батыстың ағыны қатты ақпарат толқыны осы реткі Орта жазықтан қаптаған су апаты сияқты «зобалаңға» айналады деп сексенсе керек, Қытай үкіметі Facebook, Youtube, Twitter қатарлы сайттарды шектеді. Үкіметтік бақылау органдарының ішінара IP-леріне ғана ашық болған сайттардың ішікі провициялардағы тұтынушылары жағынан наразылықтар да туындаған. Саяси себептерге байланысты қолданыстан шеттетілді деген бірнеше ауыз ғана түсініктемені осы жағдай туралы іздеу сайттарынан жиі кездестіресіз.
Әрине, қытай ерекшелігіне ие Twitter(http://www.eoecn.com/) өз жұмысын қалыпты жалғастыруда. Бұл туралы келесі бір жазбада толығырақ баяндайтын боламыз.

25 August, 2010 04:17

«Орыс тілнің әліппесін» аштым. Қандай да бір кеңестеріңіз болса естуге дайын екенімді білдіремін. Бұл тілдің қыры мен сыры турал там-тұмдап естіп жүрсем де, дәл қазіргідей бел шеше кірісіп, ішіне үңілмеген едім. Осынау сапарғада қасиетті Рамазан айында шықтық. Жаратқан АЛЛА жол берсін.

23 August, 2010 06:19

Өлеңнен оңбай жеңілген жігіт – Пабло Неруда (Чили)

Пабло Неруда (Чили)

Бозбала кезімде киерге өңі түзу мешпеті де жоқ «оқушы ақын» менде сол шақтардағы ішкен-жегеннің жұғыны жоқ, жүдеубәс ақындардың бірі болатынмын. «Кешкі арай » атты өлеңдер жинағым баспадан шыққан кезде, дене салмағым үп еткен желге ұша жөнелетін қауырсындай жеңіл-тұғын.
Бір жолы мен достарммен бірлікте төмен дәржелі жұпыны шарапханаға келдім. Сол мезгіл Танго биінің дауірендеп, содыр-сотанақтардың құтырып тұрған кезі-тұғын. Кенет би тоқтап, музканың үні пышақпен кескендей шорт тынды да, би алаңқысына шыға келген атышулы екі басбұзар бір-біріне ауызына келгенін айта бастады. Қарсыласының сілтеген жұдырығынан жалт бұрылған біреуі үстелдің артында отырған бір топ би әуескерлерінің суқанын ұшырып, берекесін қашырды. Сол сәтте, танса алаңқасындағы мына екеуінің кейпі бейне байырғы ормандықта асырсала билеп жүрген жабайы адамдардан аумайтын еді. Read the rest of this entry

Internet Explorer 9 дүниеге келді

Қазақсофттағы Ойланның берген ақпарына қарағанда Microsoft өзінің жаңа өнімін Windows Internet Explorer 9-ды сынақ ретінде таратқан. Мәліметтер мен сынақтарға негізделгенде бұл нұсқадағы торшолғыш әуелгі «інілеріне» қарағанда иқуат жағынан әлдеқайда жоғары толықтырулармен ерекшеленген көрінеді. HTML5 және CSS3 өлшемін қолдауды күшейіп, торшолғыш өлшемін тексерушісі Acid3-тен алған балы 95-ке жеткен. Бұл Microsoft торшолғыш деталының тарихтағы ең жоғары балы. Мұнан сырт, IE9-ға график біржақтылы ету иқуаты күшейген. Сонымен бірге, Javascrit-ті қолдауы мен көрсету жылдамдығы барынша артақн… Қосымша: бұл сынақ нұсқа тек Vista SP2-ден жоғары болған Windows системасында ғана қолдануға болады. Түсіру адресі: http://ie.microsoft.com/testdrive/info/ThankYou/Default.html Сынақ нәтижесін: http://ie.microsoft.com/testdrive/Default.html

%d bloggers like this: