Әзіл сұраққа әзіл жауап

1. Мен кәмпитті жақсы көремін, бірақ, кәмпит жесем тісім ауырады, қайтсем болар?(Құлжа қаласынан: Азат)
Ж: Онда кәмпитті шайнамай жұта салыңыз.(Үрімжіден: Ерлан)
2. Мен о дүниедегі досыма хат жазбақшы едім, бірақ, оны жіберетін почта таба алмай жүрмін, не істесем болар екен?(Шәуешек қаласынан: Арман)
Ж: Почталион сіз болсаңыз почта табылар еді. (Күнес ауданынан: Еркін)
3. Кітаптың алдына «кіріс сөз» жазылып, соңына «шығыс сөз» жазылмайтыны қалай?(Буыршын ауданынан: Жомарт)
Ж: Іліп-шалып шыға жөнелмей, көбірек үңілсін дегені шығар.(Құлжа қаласынан: Тұрлыбай)
4. Қазаққа «бірін-бірі щұқысын» деп ши ұстатқан дейді, сол шиді кім ұстатқан?(Шағантоғайдан: Жазира)
Ж: Саған ұстатпаған ба еді? Әттеген-ай!..
5. «Мен қашан арақты қоямын» десем, «ауылдың иті боқ жемеген күні қоясың» дейді бір қария, ит қашан боқ жемейді екен?(Шонжыдан: Қасен)
Ж: Ит сен боқ жеген күні сенен жиреніп боқ жемей кетеді. (Іледен: Кемел)
6. Қазіргі заманда ұлтымызда не жоқ, не көп?(Тоғызтараудан: Әлімжан)
Ж: Қазіргі заманда «арман» көп, «дәрмен» жоқ.(Күнестен: Ерлан)
7. «Бір әйелдің айласы қырық есек, бір қашырға жүк болыпты» дейді, бұл қалай?(Алтайдан: Еркінбек)
Ж: Бұл әйелдің айласын артуға есек жетпей қалған-ау!(Жеменейден: Жеңіс)

«Әзіл сұрауға әзіл жауап» атты кітаптан

About kazprose

Қазақ елі аман болсын!

Posted on 2010/08/30, in Киіз кітап, Әзіл сұрауға әзіл жауап. Bookmark the permalink. 5 пікір.

  1. ия қызық

  2. Өте қызық 🙂

  3. 🙂 Иә, қойған. «Қытай ұлттары» деген жураналдың осындай айдаршасы бар. Жиналқалған соң кітап болып басылып шыққан.

  4. :))) Қызық екен.

  5. 🙂 Сонда кісілер шынымен осындай сұрақтар қойған ба?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: