Monthly Archives: Қыркүйек 2010

Қытайда қазақтың ұлттық шипагерлік класы ашылды


ҚХР Алтай аймағаында тұңғыш рет қазақтың ұлттық шипагерлігін оқыту класы ашылды. Бір ұлттың ақыл-парасат күші тек экономика мен сан мың жыл, ғасырлар бойы қалыптастырған дәстүрлі мәдениетін ғана қамтып қалмай, оның тіршілік қажеті үшін қалыптастырып, белгілі деңгейге жеткізген басқа да сана жауһарларымен өлшенсе тіптен артық болмайды. Осыдан бес ғасыр бұрын Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы бабамыздың тарихи жәдігері «Шипагерлік баян» табылған Алтай аймағында қазақ емшілігі шипаханасыны мен қазақ емшілігін, шипагерлігін оқытатын арнаулы орталықтың құрылуы таң қаларлық жағдай емес. Тағы бір ескере кететін жағдай, арнаулы қазақ емшілігіне арналған шипажай дүние жүзінде тек Алтайда болса, оны оқытатын мектеп те Алтай топырағында бой көтеріп отыр. Read the rest of this entry

Advertisements

«Қауға мінуші»(әңгіме) – Франц Кафка


Көмір тақыр таза таусылған, қауға да, күрек те бос жатыр. Мештен аияз азынап, бөлме ішін тастай суытып жіберді. Сыртта ағаштар қырау жамылып мүлгіп тұр. Аспан әлемі күміс түстес қалқанға айналып, көкке мінәжат етушілердің алдын тосып алған. Менің қарадай үсіп өлуіме болмайды, көмір тауып әкелуім керек. Артым аияз азынаған меш, алдым – қақаған қаһарлы аспан. Осы екі аралықтан не де болса тез өтіп, көмір дүкенінің қожайынынан көмек сұрауым керек. Жайшылықта жалынып-жалбарынуымды кәперіне алмайтын қожайынға бір түйір көмірдің де қалмағанын әбден ыспаттап беруім тиіс. Өйткені қожайынның қолындағы нәрседен маған аспандағы бұлт жуық. Бұл рет оған тілемші кейпінде болып баруыма тура келді. Аштықтан өзегі талып, өлім халіне келіп, табалдырығының алдында жан үзгелі жатқан жанды көргенде үй қожасы әйелдің қалған-құтқан кофены оған құйып бере салатыны сияқты, көмір дүкенінің қожасы, қаншалық күйіп-піссе де «адам жанына зақым келтірмеу» дегенді парыз тұтқандықтан, менің қауғама бір қалақ көмірді болсада салып бермей тұра алмас. Read the rest of this entry

Үздік жастарға тән жеті ғадет


1 -ғадет* : өмірге құлшын;
2 -ғадет : алдымен нысана белгілеп соңынан қимылда;
3 -ғадет : маңызды жұмысты алдымен істе;
4-ғадет : екі жақты жұмыс әдісін пайдалан;
5 -ғадет : басқаны түсінуден бұрын, басқалардың өзіңді түсінуіне қол жеткіз; Read the rest of this entry

Уақыт шығара біліңіз


Уақыт шығарып жұмыс істеңіз, ол жақсы нәтиженің бодауы;
Уақыт шығарып ойланыңыз, ол күш-қуатыңыздың қайнары;
Уақыт шығарып көңіл көтеріңіз, ол жастық шақтың басты белгісі;
Уақыт шығарып кітап көріңіз, ол біліміңіздің негізі;
Уақыт шығарып қиялдай біліңіз, ол мұрат үшін ұмтылуға жебейді;
Уақыт шығарып махаббатыңызды сүйіңіз, ол Аллаһтың берген еншісі;
Уақыт шығарып маңайыңыздағыларға көз жыберіңіз, ол өзімшілдікке жол бермейді;
Уақыт шығарып күліңіз, ол жан-дүниеңізді серпілтеді.

Жазба авторы: Жарқыным

Ресей федерациясы ыдырауы мүмкін бе?


Осыдан бес жыл бұрын президент кеңсесінің бастығы болып тұрған кезінде Медведев былай деген екен: «Ресей бір тұтас мемлекет ретінде жойылады».
АҚШ-тың Орталық Ақпар мекемесінің кейбір сәуегейлері де Ресей он жыл ішінде ыдырайды деген сөздің шетін шығарады. Қалай болмасын федерация ыдырайды деп қауіптенетіндер Ресейдің өзінде де көпке ұқсайды… Ресей жиырмадан астам автономиялы республика мен райондардан тұрады. Read the rest of this entry

Қытайдың отыз миллион дарындысы шетелде жүр

Көп жағдайда қытай туралы жақсы сөз естімейтініміз шындық. Неліктен? Өйткені, қытай өмір сүрген жердің ортасы ластанады, орманы құрып жоғалады, тек ақша табудан басқаны мұрат тұтпайтын жандар сіздің айналаңызды қоршап жүреді. Бүгінгі күнде тобырлық сананы жеңіп, өз болмысынан алқып шыққан отыз миллионнан астам қытайдың дарынды адамдары шетел асып кеткен. Оларды қанағаттандырмаған ең басты себептер ретінде, біріншіден, адамдық құқықтың қорғалмауы болса, екіншіден, экологиялық ортаның ластануы, үшіншіден, сәбилер қоректенетін таза азықтықтың жоқтығы екен. Read the rest of this entry

Тағы да құмыққан үн қытай жақтан

Созбұйдаға салмай бірден бастайық. Қытайдағы қазақтың басына төніп тұрған тек қытай тілділенген мектебі мен құрып бара жатқан салт-дәстүр, ұлттық болмысы емес. Қытай заңында малшыларға жайылым жерді отыз жылға, екіншілерге егістік жерді отыз жылға ғана көтереге(уақыттық пайдалануға) берілетіндігі туралы жазылған. Ал, әлгі отыз саны түгесілгесін(мейлі түгесілмей жатып та) мемлекет қай күні келіп сіздің құйрық басып отырған жеріңізді аударып алғысы келсе, сол күні ала алады. Өйткені, жер сіздікі емес, сізде тек уақыттық пайдалану құқығы ғана бар, түпкілікті меншік үкіметте. Ашығын айтқанда, кісі өлсе сүйегі жерге уақытша жерленеді деген сөз. Үйілген аз ғана топырақты бір-ақ күнде тегістей салу олардың өз қолында. 1986 жылы Қытай қазақтарына жалпы беттік мал бөліс болды. Сол уақыттан бастап есептесеңіз көп өтпей қазақтар жерсіз қалатыны көрініп тұр. Тағы бір айта кетеін жайт, қытайдағы емделу мәселесі. Ем қабылдаудың ақылы болуы және ақысының кісі шошырлық дәрежеде көп болуы экономикалық әл-ауқаты төмен аз ұлттарға(қытай жөнінен айтқанда) мүлдем қолайсыз жағдай. Read the rest of this entry

%d bloggers like this: