Құлақ жемейтін бала «құлағыңды» жейді


Қазақ дәстүрінде, бата жасап, бас кескен қариялар, алдымен, бастың езіуінен бір кесіп алып өзі ауыз тиген соң, бастың оң жақ құлағын кесіп алып, үйдегі жасы ең кіші балалардың біріне:«мә, балам, құйма құлақ бол, сөз тыңда, үлкендердің лебізін жерге тастамайтын жақсы азамат бол!» деп береді. Бұл«Құлақ беру» деп аталады. Қариялардың балаларға құлақ кесіп беруінің үлкен тәлім-тәрбиелік және ғылми мәні бар, яғни, жасынан қариялардың қолынан құлақ жеп, өсиеттерін тыңдап өскен бала үлкенді сыйлап, кішіні аялағыш, сөз тыңдағыш, сөз қадырын түсінгіш, ақылды, білімді азамат болып есейеді. Әдепті, ибалы болуға дағдыланады.
Құлақ жейміз деген дәмемен атамыздың етегіне жабысып, той-томалақтан қалмаушы едік қой. Құлақ тисе мәз болып, жеп жырғап қалатынбыз. Ал қазіргі балаларға құлақ берсең қолына алғанымен «жүн екен, жаман екен…» сылтаумен аузына да салмайды. Көріп те жүрміз, біліп те жүрміз. Қазіргі балалар тіліңді оңай алмайды, сосын да, құлақ беретін атамыздың жоқтығын сағынамыз, балаларымызға атасы құлақ беріп үйретсе екен деп тілейтін болдық.

«Сен – қазақ»
Сурет: oyu.kz

About kazprose

Қазақ елі аман болсын!

Posted on 2010/09/11, in "Қазақ" газеті, Ақ дастарқан, Журналистика, Киіз кітап, Тез басында қисық ағаш..., Қазақ жайы. Bookmark the permalink. 3 пікір.

  1. Ия, мен де құлақтан құр қалмайтын едім. 🙂 Сосын тіл де бар )))

  2. Иә,Мейіржан айтқандай атамыздан қонаққа бір елі қалмай еріп баратынбыз,үйде де дастархан басында атамыздың жанынан орын алып, бар тәтті-дәмдісін аузымызға тосқан сәттерде таңдай мен құлақтан құр қалып көрмеппіз… рас…қазір «заманауи» аталар өздері құлақ ұсынбаса,немере қайдан жесін…?

  3. құлақ туралы жазғаныңыз құлаққа кіреді екен 🙂

    негізі жалпы алғанда дұрыс нәрсе. бізде кішкентай кезімізде көп жедік құлақты. қазақтың әрбір салтының артында ұлттың жайын ойлайтын бірдеме жатады.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: