«Қауға мінуші»(әңгіме) – Франц Кафка


Көмір тақыр таза таусылған, қауға да, күрек те бос жатыр. Мештен аияз азынап, бөлме ішін тастай суытып жіберді. Сыртта ағаштар қырау жамылып мүлгіп тұр. Аспан әлемі күміс түстес қалқанға айналып, көкке мінәжат етушілердің алдын тосып алған. Менің қарадай үсіп өлуіме болмайды, көмір тауып әкелуім керек. Артым аияз азынаған меш, алдым – қақаған қаһарлы аспан. Осы екі аралықтан не де болса тез өтіп, көмір дүкенінің қожайынынан көмек сұрауым керек. Жайшылықта жалынып-жалбарынуымды кәперіне алмайтын қожайынға бір түйір көмірдің де қалмағанын әбден ыспаттап беруім тиіс. Өйткені қожайынның қолындағы нәрседен маған аспандағы бұлт жуық. Бұл рет оған тілемші кейпінде болып баруыма тура келді. Аштықтан өзегі талып, өлім халіне келіп, табалдырығының алдында жан үзгелі жатқан жанды көргенде үй қожасы әйелдің қалған-құтқан кофены оған құйып бере салатыны сияқты, көмір дүкенінің қожасы, қаншалық күйіп-піссе де «адам жанына зақым келтірмеу» дегенді парыз тұтқандықтан, менің қауғама бір қалақ көмірді болсада салып бермей тұра алмас.
Бұл сапардан бірдеме өндіру қалай барудың да шарасын таптым. Мен қауғамды мініп жолға шықтым. Екі қолыммен қауғаның тұтқасынан ұстай, ғимараттың сатысынан әзер сырғып түстім. Бірақ жер тағанға барғанымда қауға лып етіп қайта жоғары көтерілді. Қандай тамаша десеңізші. Түйеші таияқтағанда барып шөгіп жатқан түйе ырғалаңдап орнынан әрең тұрады ғой, бар болғаны осы ғана. Онан бір қалыпты аяңмен аияз құрсаған көшеде кете барады. Ал мен төмендемей, екі қабат ғимараттың биіктігіндей жоғарыда жүрмін. Көмір дүкені қожасы жер кепесінің күмбез төбесі алдында қалықтап мен тұрмын да, сол кепеде үстелге екпеттей түсіп жазу жазып көмір дүкенінің қожасы отыр. Басы артық ыстық ауаны шығарып жіберу үшін жер кепенің есігі ашулы тұр.
-Қожайын!- деп айғай салдым мен. Шырқыраған үнім ыстық деміме оралып, қақаған аиязда құмығып әрең естіледі,- қожайын, сауап үшін маған азырақ көмір жәрдем ете көріңіз, көмір қауғам бос қалды. Сонымен мен қауғама мініп келіп тұрмын, рахым етіңіз, ақысын тиын-тебен түсісімен қайырармын.
-Мен қағыс естіп тұрғаным жоқ па?- деп қожайын қолын құлағына таман апарып, мештің жанындағы орындықта попайка тоқып отырған зайыбына бұрылды,- Мен қағыс естіп тұрғаным жоқ па? Аларман келіп тұр ғой деймін.
– Мен дәнеңе де естігемін жоқ,-деді жұбайы, ту сыртын мешке қақтай попайка тоқып отырған қалыпта жай тыныстап.
-Иә, солай,- деп дауыстадым мен,- Мен, өзіңіздің байырғы харидарыңыз. Мен сізге екі айтқан емеспін ғой, қазірше қолда тиын-тебен болмай тұр.
– Кемпір,- деді қожайын,- рас, біреу келіп тұр. Мен жаза басқаным жоқ. Менің байырғы харидарым ол. Менің тілімді білетін жасамыс харидардың дәл өзі.
– Әкесі, саған не болды?- деп қожайынның зайыбы попайканы кеудесіне қойып, жұмысын сәл кідіртті.- Жан баласы көрінбейді, көше қаңғырап бос жатыр. Харидардың бәрін де көмірмен қамдап болғамыз. Бірнеше күн жұмысты қоя тұрып, дем алайық.
– Мен мұнда, қауғаның ішінде отырмын,- деп айғай салдым. Суықтан шұбырған көз жасым көз алдыма шұбартып көрсетеді,- бастарыңызды көтерсеңіздер мені көре аласыздар. Тым құрыса бір қалақ көмір беріңіздер. Екі қалақ берсеңіздер тіпті қуанар едім. Басқа харидарларды қамдадыңыздар. Иә, Жасаған Ием, қауғадан көмір салдырын естірте көр!
– Мен барайын,- деп қожайын домалаңдап жер кепенің баспалдағына қарай жүре бергенде зайыбы қасына келіп, білегінен тартты: – Осы арада тұра тұр. Қасарысып болмадың, мен-ақ барайын. Түні бойы жөтеліп шыққаныңды ойласаң нетті. Саудаға бола ,қиялдағы саудаға бола, зайыбыңды да ұмытып барасың, өкпеңді де құрғатпақсың. Мен-ақ барайын.
– Онда оған қамбадағы көмірдің түрлерін айтарсың, бағасын мен саған айтып берейін.
– Болады,- деп кемпір сәтімен көтеріліп көшеге шықты, әрине, ол мені салған жерден көрді.
– Апатай,- деп айғай салдым мен,- сізден шын жүректен есендік сұраймын, маған бір қалақ қана көмір зәру еді. Қауғама құйып берсеңіз болды, өзім-ақ әкетемін, нашар көмір болса да мейлі, ақшасын, әрине, толық төлеймін. Бірақ бірден төлей алмаймын, бірден…
«Бірден төлей алмаймын» деген сөз қоңырау үніне қатты ұқсайтын. Бұл шіркеу мұнарасында әлгінде ғана соғылған қоңырау үнімен тоғысып, адамдарда қаншама жаңсақтық туғызды десеңізші!
– Ол не алмақшы екен?- деп дауыстады дүкен қожайыны.
– Ештеңе де алмайды екен,- деп жауап қатты оның зайыбы,- сыртта ештеңе білінбейді, мен ешнәрсені көре алмадым. Ештеңені де естій алмадым. Сағат алтыға соғылған қоңырау үнін ғана естідім. Есікті бекітіп қояиық. Тууу, недеген суық еді. Ертең тағы да сарпалдаңға түсетін сияқтымыз ғой.
Ештеңені де көрмеген, ештеңені де естімеген ол белдемшесін шешіп алып, мені сабалап жұрды. Амал не, ол мені шынымен сабап қуып жіберді. Мен отырған қауға желқабыз сияқты артықшылыққа ие болғанымен, қарсылық күші жоқ, тым жеңіл еді. Әйелдің белдемшесі-ақ оны қуып тастады.
– Оңбаған мыстан,- деп мен, ол такапарлана маңғазси қолын бұлғақтатып, дүкенге қарай беттегенде, бұрылып айғай салдым,- оңбаған мыстан, бір қалақ көмірді де қимадың-ау маған,- осыны айттым да, қалықтай жоғарлап мұзды алқапқа қарай кеттім. Сол кеткеннен мәңгі оралмастай болып бір-ақ кеттім.

Advertisements

About kazprose

Қазақ елі аман болсын!

Posted on 2010/09/22, in "Қазақ" газеті, Киіз кітап, Сіз естімеген жаңа есім, Тұлға, Kazprose, Әлем әдебиеті. Bookmark the permalink. Пікір қалдыру.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: