Қытайда қазақтың ұлттық шипагерлік класы ашылды


ҚХР Алтай аймағаында тұңғыш рет қазақтың ұлттық шипагерлігін оқыту класы ашылды. Бір ұлттың ақыл-парасат күші тек экономика мен сан мың жыл, ғасырлар бойы қалыптастырған дәстүрлі мәдениетін ғана қамтып қалмай, оның тіршілік қажеті үшін қалыптастырып, белгілі деңгейге жеткізген басқа да сана жауһарларымен өлшенсе тіптен артық болмайды. Осыдан бес ғасыр бұрын Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы бабамыздың тарихи жәдігері «Шипагерлік баян» табылған Алтай аймағында қазақ емшілігі шипаханасыны мен қазақ емшілігін, шипагерлігін оқытатын арнаулы орталықтың құрылуы таң қаларлық жағдай емес. Тағы бір ескере кететін жағдай, арнаулы қазақ емшілігіне арналған шипажай дүние жүзінде тек Алтайда болса, оны оқытатын мектеп те Алтай топырағында бой көтеріп отыр. Бұған бірнеше заңды себептер де бар. Біріншіден, «Шипагерлік баянның» Алтайдан табылуы және оны зерттейтін мамандар шоғырының осы арада қалыптасу себеп болса, екіншіден, емшілікке пайдаланылатын дәрі шөптердің осы өңірде молынан кездесуі болып отыр. Шин Жиаң оқу-ағарту мекемесі мен денсаулық сақтау басқармасы мүшелерінен құрам тапқан кәсіби мамандар Алтайдағы медициналық мектепте аталған мамандық ашу толымдылығы бер деп есептет, биылғы жылдың өзінде 100 оқушы қабылдап үлгерген. Жергілікті әкімшілік және осы салаға қатысы бар мамандардың қолдауымен қазақ шипагерлігі оқулығын құрастырып, баспаға ұсынған. Осы күнге дейін оқыту бағдарламасына он сегіз оқулық дайындалған. Оқулықтар ішінде «Қазақ шипагерлігінің назаиялық негізі», «Қазақ шипагерлік тарихы», «Мүшелік мінсіз бітістәмә» сияқты кітаптарды айырықша атауға тура келеді. Жалпы, өтілетін сабақтардың 70% төл мамандыққа қатысты.
Қазақ шипагерлігі класына қабылданған оқушы Сымбат сөз кезегінде: «дүние жүзі бойынша тұңғыш реткі іргетасы қаланған білім ордасына қабылданған 100 оқушының бірі болғаныма айырықша қуанамын, әр қиырдан ат арытып, өнер қуып келген жас ұрпақтар көкірегімізде кернеген ұлт рухын сәулелендіретін, ұлт тарихын ұлы ететін қажымас қайрат, мұқалмас жігер орнатып, енді ғана қауашақ жайған қазақ емшілігінің көкжиегін кеңейтіп, бау-бақшасын гүлдендіруге берік сенім, айқын мұратпен қадам тастауға құлшынамын!» деді.
P.S Қазақ жайы туралы айтылып келе жатқан жылы қуаныш, орасан мәртебенің айыл-тұрманы осылайша әбзелденіп жатыр. Мейлі, қытай құзырында, жат жұрт игілігінде болса да ұлт атын асқақтатар биік жұмыс бұл. Сөз сіргесін жярда С.Асфандияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық университетін айналып өте алмаймыз. Тағы да «неге?» деген сұрақ туындайды. Неге Қазақ мемлекетінің бас медициналық жоғары оқу орыны ұлттық шипагерлік пен емшілікке мән беріп, ұлықтамайды?

Ақпарат көзі: «Сен – қазақ» сайты
Сурет: «Астана айнасы» сайтынан

Advertisements

About kazprose

Қазақ елі аман болсын!

Posted on 2010/09/25, in "Қазақ" газеті, Журналистика, Киіз кітап, Сіз естімеген жаңа есім, Шипагерлік баян, Kazprose, Қазақ жайы. Bookmark the permalink. Пікір қалдыру.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: