Monthly Archives: Қазан 2010

Қытайдың қай жерінен үйренуге болады?


Әлемдегі түрлі халықтың өзіне ғана тән ұлттық ерекшеліктері, олардың болмысын қалыптастырып, мәдениет ретінде әйгілі болған. Ұлыттық намыс, тіл, дін сияқты өз этносымыздың нәзік тұстарын бірер минутқа ұмыта тұрып, алқып шығып басқа халықтарға да сырт көз ретінде қарап көрсек. Айналамнан қытай туралы сөз екпінін еміс-еміс ести бастасам шүпір-шүпір қайнаған базар немесе жүріліп жатқан ауыр өнеркәсіптің құрылыстары елестейді және жапакеш қара шалдың беймәлім көшеде қоқыс тере бастағаны бар. Сірә бұл халықтың тосын дамып, күллі ғалам назарын аудара бастауын жоғары биліктен емес қарапайым еңбекші шаруаларының бойынан қарастырып, байқастасақ мынадай тізбек шығады екен. Read the rest of this entry

Advertisements

«Аллажар» фильмінің толық нұсқасын көріңіздер

Сурет: google.kz-тен алынды


1986 жыл. Осынау ардақты уақттың артындағы көлеңке барған сайын ұлғайып бара жатқан сияқтанады. Тіпті, бірнеше күн әуре болсам да ғаламтордан мен көшедегі жаймалардан фильмнің толық нұсқасын таба алмаған едім. Енді осы бейнебаянның толық нұсқасын көруге мүмкіндік туып отыр. Қытайдағы ең үлкен бейнепортал http://www.56.com-ға Торап(интернеттегі бүркеншік ат) есімді азамат шығарып қойған екен. Сол жақтан сіздер де көре аласыздар деген үміттемін. Read the rest of this entry

ҚазНетке жол тартқан «аз-көп»

"Мінбердің" семинарында

суреттің авторы Еркін Қуатайұлы


18 қазан күні «ҚазЖол» қонақ үйінде «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы, Соғыс және бейбітшілік репортаждары институты (IWPR) және ЕҚЫҰ-ның Астанадағы өкілдігімен бірлесе «ҚазНеттің құқықтық реттелуі және оның қазақтілді интернет БАҚ-тың дамуына ықпалы» атты кезекті семинары өтті(толығырақ мына жерден). Маған ең жақсы әсер еткені Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов мырзаның жаңа медиа туралы Асхат ағай жасаған президентациядан кейін қатты толқығаны болды. Меніңше ол кісіге ұнағаны батыс әлеміндегі саяси тұлғалар төңірегінде ғаламтор беттерінде жарық көрген қызықты жазбалар болса керек. Read the rest of this entry

Елдік намыс қалай қалыптасады?

QQ-да қытай университеттерінің бірінде(新疆医科大学Шин Жяң Медицина Университетіде) оқитын досыммен әңгімелесіп отырмын.

– Сендер әр дүйсенбі күні ту шығару салтын өткізесіңдер ме?-деп сұрады досым менен.

– Жоқ, әуре емес пе.- ойымда қарсы жақты көбірек сөйлете түсу.

– Ол болмайды ғой.

– Неге? Қытайдағы бүкіл университеттер осылай істей ме?

– Иә, әр аптаның бірінші күні бір уақытта, яғни, Пекин уақыты сағат 9.00-де елдің барлық университтерінде әнұран орындалып, қызыл туға
құрмет ретінде қаз-қатар тізілген студенттер ЖОО спорт алаңына жиналады. Біз үшін
бұл «салтанатты» шара тым қызықты емес. Read the rest of this entry

Алматы қаласы: армандаушылар мен адасқандар


Қала – адамзат мәдениетінің жауһары мен кісі бойындағы айуандықтардың бір арнада тоғысып, бір өзен сияқты долдана ағып жатқан бейненін көз адлыға елестетеді. Жершарылану үрдісінің қалыптасуына қалаланудың күн сайын күшейе түсуі себепші болып отыр.

Қазақ жастарының қала жағалаған болмысын ресми емес мәліметтердің өзі-ақ дәлелдеп беретіндей. Ендеше олар, мейлі таныс болсын, бейтаныс болсын бүгінгі қала тіршілігіне қалай араласып, өз ұпайлары мен еншілерін меншіктейді. Осы негізде Алматы қаласындағы жастарды, ең әуелі, қалалық жастар, өзге обылыс-аймақтардан келген жастар, оралман жастар деп жіктеуге болады. Read the rest of this entry

Алмасқан ректорлар артындағы ақиқат


Қазақтың арнайы жүйеге түскен білім беру, мектепте оқыту тарихын Ы.Алтынсариннан бастасақ, бүгінгі күні ағартудың алтын зерлі, құндыз ішігін Жұмағұлов жалғастырып отыр. Бақытжан Тұрсынұлының бұл қызыметке келгені де жаңа. ҚазҰУ ректорлығы соңғы жылдары ел абройы болған Ұлттық Университеттің беделін жоғарлатып, қожыраған оқыту үрдісіне жаңалықтар алып келді. Көңіл қуантарлық деңгейін енді қалыптастырып келе жатқан осы үрдестің биігін аласартпау мақсатымен білім министрлігінен тартып, әрбір студенттің тұрмысындағы өзгешеліктердің бір ұшына жалғасып жатқан ректорлар алмасуын мына үш жақтан қарастыруға болады:
1. Сайлау
2. Білім
3. Тұлғалар арасындағы қақтығыс
Read the rest of this entry

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІ

Қазақ газеті

Қазақ газеті

«Қазақ» газеті – 1913-1918 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым.ХХ ғасырдың басындағы Алаш зиялыларының үні болған бұл тарихи газет сол тұстағы қазақ баласының ойын, ұлттық өресін тәрбиеледі. Ұлт-азаттық қозғалыстың басты басылымы болған «Қазақ» газеті Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы бастаған ұлы шоғырдың ұлт алдындағы орасан еңбектерін халыққа таныта отырып, әлеуметтің саяси жағынан сауаттануына, ұлттық намысының оянуына, тұтас ел болып ұйысуына өлшеусіз еңбек сіңірді. Read the rest of this entry

%d bloggers like this: