Гитлердің өлімі туралы шындық

сурет: wikipedia-дан

сурет: wikipedia-дан


Ресми мәліметтер Адольф Гитлер 1945 жылы 30 мамырда у ішіп, соңынан өзін-өзі атып өлгендігі жайлы пікір айтады. Аргентина жазушысы Абел Басти(Abel Basti) мырзаның «Гитлер Аргентинада» атты кітабында жазылған деректер үлкен дүмпу туғызып отыр. Автордың аталған кітаптағы дәйектемелері кең көлемді зерттеу, неше ондаған куәгерлердің сөзі, АҚШ федерациялық тексеру мекемесінің әшкерелеу материялдарын пайдалана отырып Гитлердің 1964 жылға дейін жасырынып жүргендігін дәлелдейді.

«Сен – қазақ» сайтында «Гитлер Аргентинада» кітабының авторымен Ресей «Шындық және дәлел» апталық журналының тілшісі өткізген сұхбат қытайшадан аударылып жарияланды. Даулы мәселе төңірегіндегі сұхбат мазмұны Гитлердің 1945 жылы Берлиннен қалай қашып шығып, сол жылы жаз аяғында Испаниядан сүңгуір кемеге отырып Оңтүстік Америкаға кеткені және орыс үкіметі таратқан ақпараттардың жалғандығын дәлелдеу аясында өрбіген.
Менің өз басым үшін бұдан қызықтырақ болғаны – аударма материялдың соңғы ой-талқы бөлімінде жүргізілген пікірталастар еді.
«Сен – қазақ» мүшесі Айтолы мырзаның айтуынша Гитлердің нацистік Германиясы Солтүстік мұзды мұхиттың астынан жанға жайлы құрлық байқап, оған ұлттық рухы берік таңдаулы неше мыңдаған адамдарды көшірген. Құрлыққа Ариян атты қала да салынған. Қиял-ғажайып ертегілеріне ұқсайтын бұл әңгіме көптеген ғылыми дәйектемелермен толықтырыла түседі. Басқа планета адамдары жағынан жіберілді дейтін белгісіз ұшпа денелер де сол Ариян қаласынан келіп тұрған. Әлемдік екінші соғыс аяқтала салысымен бұдан сезіктенген АҚШ, ғылыми зерттеу деген атпен Антарктидаға зор көлемді тінту жүргізген. Американың бұл қуғындауы ақыры жеңіліспен тынады да, Гитлермен келісім жасауға тура келеді. Өйткені, натцистік Германия иадро қаруын әлде қашан игерген делінеді. Тіпті, қазіргі таңда адамзаттың қолы жете қоймаған көптеген ғылыми жетістіктерді ашқан Ариян жұрты белгісіз ұшпа дене UFO, ғайыптан келіп ғайыпқа кетер сүңгуір кеме USO-ді жіберіп отырған сыңайлы. Шындығында неміс жұрты АҚШ-ты көсеу етіп жершарын меңгеру ойында. Оны істеп те отыр дейді пікір иесі. Аталған келісім мен «ғылыми зерттеу» барысында көптеген адамдар өліп, әскери қолбасылар, ғалымдар мен мамандар белгісіз себептермен мерт болып, кейбіреуі жынданып та кеткен. АҚШ ғылымындағы елеулі орын алатын ғалымдардың бірталайы Германиядан қудаланған делінеді аталған жазбада. Мысалы, Эйнштейн, Роберт Оппенгеймер сияқты ғалымдар Германиядан техника ұрлап АҚШ-қа сатқан. Ал, жазбаға жүгінсек неміс жұртындағы ең нашар ғалымдар, тіпті ғалым деп атауға татымайтын адамдар қатарында жоғардағы қос жасампаздың аты бар.
P.S Бірер тақырып жайында сөз қозғаған сайын қазақтың жайын ілестіре жүретін әдетіміз сияқтанып кетті. Мейлі, Гитекең мен оның дәстүрін жалғаушылар ойына келгенін істей берсін. Бүгін-ертең жасай қоятындай қолымыздан келіп тұрған қайранымыз да жоқ, деседе, алыпқашпа сөз немесе бірталай қауымды дүрліктірген тақырып тегіннен тегін көтеріле қоймайды. «Ат аунаған жерінде түк қалады». Өзімізден алқып шығып, қайтадан өзімізге бір қарайықшы. Тым қораш болмаса да мерездігіміз жетерлік. Ел қайда, біз қайдамыз? Мүмкін болмаса да жердің шарын қазақ билесе екен деп қиялдауға болатын шығар!? 

Деректерді таныстырған фильм: http://www.tudou.com/programs/view/U-eOltugpN0/
Айтылған «аңыздар» туралы қытайша мәліметтер:
http://wenda.tianya.cn/wenda/thread?tid=1490ed38dee78481
http://bbs.tiexue.net/post2_1812932_1.html
http://zhidao.baidu.com/question/11053627.html
http://zhidao.baidu.com/q?word=%D1%C5%C0%FB%B0%B2%B3%C7&lm=0&fr=search&ct=17&pn=0&tn=ikaslist&rn=10
http://military.china.com/zh_cn/history2/06/11027560/20051107/12826878.html
http://mail.cn.yahoo.com/08-12-/858/2806k_3.html
http://news.163.com/08/1208/08/4SKJS7KV00011248.html
http://v.youku.com/v_show/id_XMjAyMzUyODA4.html

Advertisements

About kazprose

Қазақ елі аман болсын!

Posted on 2010/10/02, in "Қазақ" газеті, Журналистика, Киіз кітап, Тұлға, Қазақ жайы, Өмір. Bookmark the permalink. 3 пікір.

  1. жарайсын ГИТЛЕР

  2. Бұл тарихи шындық. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін АҚШ Үкіметі жақтастарымен бірге НЛО операциясын өткізгені белгілі. Мақсат Сонау Антарктида мұздығындағы құпия базаны құрту болатын. Алайда бұл операция сәтсіздікке ұшырайды. Беймәлім ұшқыш тарелкалардың шабуылына ұшырағын АҚШ арнайы қызметі кері шегінген. Үшінші рейх мамандары бұл базаны Ананербе ұйымымен байланыстырады.Бүгінгі күнге дейін адамзат баласын тығырыққа тіреп отырған ұшқыш нысандар осы базаның өнімдері болса керек. Нақты мәлімет білгісі келген жандар маған…

  3. Сұхбаттың орысша нұсқасы бұл жерде.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: