Daily Archives: 2010/10/03

НЕСІБЕ(Әңгіме)

Сен сонда барасың… Мен жеп тауыса алмай кеткен несібені сен теріп жейсің!..
Шоқанның хаты

Саркідір дала. Қуаң төстен ыстық самал желпіп өтеді. Буалдырлай сұлаған көгілжім таудың аспанмен жымдасқан тұсында болаз тартып бұлт ілінген сияқтанады.
Жалғы-ы-ы-ыз келе жатыр. Ілбіген аттың көзі көрсін деді ме, жоқ әлде, сипай өткен қайысты да атына ауыр көрді ме, ол қамшы ұшын оң жақ үзеңгілігі тұсынан серпе тастады да жануардың қос құлағы мен көз тұсына телмірген күйі отыра берді. Аттың әрбір аяқ басысындағы күйі тақымынан зыр етіп өтіп өз күйіне алмасып, өз күйі серпе тастаған қамшысымен бірге кейде қараған басында, кейде бұрқ етіп жерге түсіп жатқандай.
Алдына қарап еді үлкен өзекке келіп қалыпты. Бұрылып көкжиекке бір көз салып өтті де, манадан бері қалай байқалмай келе жатқан дегендей мойнын созып тұрып маңдай тұстағы мұнарды ұзақ шолып тұрды. Тебініп қапталдай жөнелді. Қоржын басындағы торсыққа қол жүгіртіп шайқап көріп еді едауыр екен.
Қарсы қабақтың жылыстап келе жатқан көлеңкесінде барандап жатқан атжол бұлармен жасырынбақ ойнағандай, шұқшия қараған кісіге тағы бір басын шумақтап ап өрлі-қырлы қашқан асауға лақтырған шалмадай үш-төрт салаға бөлініп, иіріле келіп қайта айқасып кетеді. Read the rest of this entry

Advertisements

Сазгердің соңғы монологы


Қарау да қарау дүние,
Қарамай менің күйіме,
Қасарып қалдың неге се?!
Музамен мұңын қалғытқан
Мұңдасым барда халді ұққан,
Осындай «осал» емес ем…
Жүк артқан мынау жүрекке,
Жарық па, сірә түнек пе? Read the rest of this entry

%d bloggers like this: