Сазгердің соңғы монологы


Қарау да қарау дүние,
Қарамай менің күйіме,
Қасарып қалдың неге се?!
Музамен мұңын қалғытқан
Мұңдасым барда халді ұққан,
Осындай «осал» емес ем…
Жүк артқан мынау жүрекке,
Жарық па, сірә түнек пе?

Әуенім кетті алысқа,
Ғазалым жетті ғарышқа,
Ғарыппын десем кім сенер.
Періштемін деп айта алман,
Пейілім қалды сайтаннан –
Салымды, сайқал, тым шебер.
Тыныстау үшін келген ем,
Тынысым бітер жерге мен.

Жаныма пана болмады,
Болмады білем, не шара?!
Көреген жұрттың көзінше,
Өсегін айтып өзінше,
Ентігіп жатыр екі ара.
Менің де жолым жол емес –
Төзім мен сезім төбелес.

Айтайын енді шынымды:
(Міндетім және мінімді)
Мінезім бірақ қалпында.
Әуенім бар-ды жазбаған,
Қазынам бар-ды қазбаған,
Тығылды түгел алқымға.
Айналып кеттім сенен ел,
Айыптамай-ақ көме гөр!!!

Авторы: Балапан Әріпжанұлы Рабатов

Advertisements

About kazprose

Қазақ елі аман болсын!

Posted on 2010/10/03, in "Қазақ" газеті, Киіз кітап, Сыр шертеді мың бояу, Қазақ поэзиясы, Қазақы ғаламнан бір үзік сыр. Bookmark the permalink. Пікір қалдыру.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: