«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІ

Қазақ газеті

Қазақ газеті

«Қазақ» газеті – 1913-1918 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым.ХХ ғасырдың басындағы Алаш зиялыларының үні болған бұл тарихи газет сол тұстағы қазақ баласының ойын, ұлттық өресін тәрбиеледі. Ұлт-азаттық қозғалыстың басты басылымы болған «Қазақ» газеті Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы бастаған ұлы шоғырдың ұлт алдындағы орасан еңбектерін халыққа таныта отырып, әлеуметтің саяси жағынан сауаттануына, ұлттық намысының оянуына, тұтас ел болып ұйысуына өлшеусіз еңбек сіңірді. Бұл газет көтерген идеялар халқымызды біріктіріп, тәуелсіздікке ұмтылуына қуат берді. «Алаш» партиясының, автономиясының үні болған газет халқымыздың күрес жолындағы айғақтарына толы басылым. Бірінші саны 1913 жылғы 2 ақпанда шыққан. 1915 жылға дейін аптасына бір рет, одан кейін екі рет шығып тұрған. Бастырушысы – «Азамат» серіктестігі. Газетке қаржылай көмектескендердің көшбасында Мұстафа Оразайұлы бар. Жалпы 265 нөмірі жарық көрген. Газет рәміздік-бейне ретінде киіз үйді ұсынды. Бұл – «қазақ ұлты» деген ұғымды берді. Оның түндігі батыстан ашылып, есігіне «Қазақ» деп жазылды. Мұны түсіндірген ұлт зиялылары «қазақ ішіне Еуропа ғылым-өнері таралсын, «Қазақ» газеті қазақ жұртына әрі мәдениет есігі, әрі сырт жұрт жағынан күзетшісі болсын» деп жазды. «Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырушы, редакторы – А.Байтұрсынұлы, оның өкілетті өкілі М.Дулатұлы болды. 1918 жылы газетті Жанұзақ Жәнібекұлы басқарды. Басылымда А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейхан, М.Дулатов, М.Шоқай, М.Тынышбайұлы, Ш.Құдайбердіұлы, Ғ.Қараш, Р.Мәрсеков, Ж.Тілеулин, Ғ.Мұсағалиев, М.Жұмабаев, Х.Болғанбаев, Х.Ғаббасов, Ж.Ақпаев, Ж.Сейдалин, С.Торайғыров, А.Мәметов, Х.Досмұхамедұлы, С.Дөнентайұлы т.б. авторлардың мақалалары жарияланып тұрды. ХХ ғасыр басында аталған газет оқығандардың, діндарлардың, шәкірттердің, қарапайым сауаты бар адамдардың, тұтастай жалпы ұлттың ықыласпен оқитын басылымына айналды. Бұдан кейін пайда болған барша елшіл газет-журналдар осы «Қазақтың» шекпенінен шықты. «Қазақ» газеті бетінде жарық көрген материалдар ұлт-азаттық қозғалысын зерттеуге, оның тұлғаларының өмірбаянын толықтыруға, «Алаш» партиясының, Алашорда үкіметінің тарихын тануға мол дерек береді.

Қазақ газеті

Қазақ газеті

«Алаштың ардағы» кітабынан

Advertisements

About kazprose

Қазақ елі аман болсын!

Posted on 2010/10/11, in "Қазақ" газеті, Журналистика, Киіз кітап, Сыр шертеді мың бояу, Тез басында қисық ағаш..., Kazprose, Қазақ жайы, Қазақы ғаламнан бір үзік сыр. Bookmark the permalink. 4 пікір.

  1. керемет екен!

  2. Иә, сақталған. Суреттегі кітап сол «Қазақ газетінде» жария көрген мақалалардың жинағы.

  3. сол қазақ газеті сақталғанба? сонда!!!

  4. 2-курста құшақтап жүрген кітабымыз))

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: