Алмасқан ректорлар артындағы ақиқат


Қазақтың арнайы жүйеге түскен білім беру, мектепте оқыту тарихын Ы.Алтынсариннан бастасақ, бүгінгі күні ағартудың алтын зерлі, құндыз ішігін Жұмағұлов жалғастырып отыр. Бақытжан Тұрсынұлының бұл қызыметке келгені де жаңа. ҚазҰУ ректорлығы соңғы жылдары ел абройы болған Ұлттық Университеттің беделін жоғарлатып, қожыраған оқыту үрдісіне жаңалықтар алып келді. Көңіл қуантарлық деңгейін енді қалыптастырып келе жатқан осы үрдестің биігін аласартпау мақсатымен білім министрлігінен тартып, әрбір студенттің тұрмысындағы өзгешеліктердің бір ұшына жалғасып жатқан ректорлар алмасуын мына үш жақтан қарастыруға болады:
1. Сайлау
2. Білім
3. Тұлғалар арасындағы қақтығыс

Әрине, ректор болып келудің де, министр болып кетудің де бұдан да өзге принципі мен шарыттары болса да, аталған үш саланың маңыздылығын айналып өтуге болмас.
1. Сайлау
Көппартиялы мемлекеттер қатарында тұрсақ та, қазақ елінің бүгінгі тыныс-тіршілігі «Нұр Отан»-ның әрбір қадамынан анықталып жатады. Бүгін билік басында отырған партия жөнінен алдағы сайлау оларды мүлдем бей-жай қалдыра алмайтын саяси науқан болып саналады. Тобылғысы қолда тұрғанда өрімшінің қамшы шашасын қай жерден шығару өз еркінде. Ендеше, бүгінгі студент жас, ертеңгі сайлаушы. Ол – билік үшін дайын капитал деген сөз.
2. Білім
Қазір не көп? Ғылым кандидаты көп. Не себептен? Оны Ғылым-білім министрінен сұраңыз. Жаңа министрден емес, әрине, Түркияда демалып жатқан экс-министірден сұраңыз. Саны бар сапасы жоқ ғылым кандидаттарының көбейуі ғана емес, ҰБТ, КИМЭП сияқты түйткілді мәселелер төңірегіндегі дау-дамайлар да білікті басшының ректорлықтан кетіп, білім саласының үстінен қарай бастауына түрткі болса керек. Тағы бір атап өтер жайт, білім саласына бөлінген қаржыны жаңадан құрылып жатқан университеттердің іргетасын бекемдеуге арнау болғанға ұқсайды. Бұл туралы саясаткер Айдос Сарым да сөз қозғаған еді.
3. Жеке тұлғалар арасындағы қақтығыс
Мұндай жағдай, әрине, беймәлім, сырлы, «жабулы қазақ жабулы күйінде» қалып жатады. Көзге көрінетіні, тек қана бірінің орынына бірі барып, ығысқаны ләм-мим деместен үнсіз қалса, ығыстырғаны келе сала жаңа иедяларымен қуандырып жатады.

P.S Қазақ «ұстараның жүзіндей аударылған дүние-ай» деп бекер айтпаған. «Сиыр су ішсе, бұзау мұз жалайды»-ны айтқан да сол қазақ. Алмасулар тек министр мен ректорлар төңірегінде ғана емес студент өміріне тіке қатысты декандар арасында да болады деген үміт бар. Ақиқат – тек қана Алла. Онан басқаның бәрі ары кетсе шындық күйінде қала бермек. Бұл шындық та бір күні жалғандыққа айналуы мүмкін.

Advertisements

About kazprose

Қазақ елі аман болсын!

Posted on 2010/10/14, in "Қазақ" газеті, Журналистика, Киіз кітап, Тез басында қисық ағаш..., Тұлға, университет өмірінен, Қазақ жайы. Bookmark the permalink. 2 пікір.

  1. Шикі бірдемені шығармай-ақ қоймадың ба бауырым блогқа. Мына жерден ештемені түсінбедім.Не жазгансын?

  2. дәл қай деканды көздеп отырғаның белгілі…)

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: