Алматы қаласы: армандаушылар мен адасқандар


Қала – адамзат мәдениетінің жауһары мен кісі бойындағы айуандықтардың бір арнада тоғысып, бір өзен сияқты долдана ағып жатқан бейненін көз адлыға елестетеді. Жершарылану үрдісінің қалыптасуына қалаланудың күн сайын күшейе түсуі себепші болып отыр.

Қазақ жастарының қала жағалаған болмысын ресми емес мәліметтердің өзі-ақ дәлелдеп беретіндей. Ендеше олар, мейлі таныс болсын, бейтаныс болсын бүгінгі қала тіршілігіне қалай араласып, өз ұпайлары мен еншілерін меншіктейді. Осы негізде Алматы қаласындағы жастарды, ең әуелі, қалалық жастар, өзге обылыс-аймақтардан келген жастар, оралман жастар деп жіктеуге болады.
Бірінші, қалалық жастар.
Қала жастары деп – өз замандарына тән игіліктердің кем дегенде 60% қолы жететін, жаңа технологиялар мен адамдар ара қарым-қатынас, мәдениет өлшемдерін өз әлінше меңгерген жастарды атаймыз. Ұлттық болмыс есебінен қазақ жайы және дәстүр, дала өркениетін ет жүрегімен сезініп, ыстығына күйіп, суығына тоңа алмауын қала жастарының ұтылып отырған тұсы ретінде қарастыруға болады. Тағы бір тоқтала кетер жайт, қала жастарының бір бөлігі адамдық құндылықтардың орынына ақша мен байлық, мәнсәп сияқты өткінші дүниелерді айырбастай бастауы болмақ.

Екінші түрі, обылыс-аймақтардан келген жастар
Мағжан ақын «Мен жастарға сенемін» деп осы ауылдың қарадомалақ баласына қарап жырласа керек. Ұлт болашағының мәйегін қалыптастырып, ел ісіне ықпал етерлік азаматтардың дені ауыл баласы екендігі шындық болса, сол ұлттың ұлттық тамыры да жер емген еңбекші мен сүт сауған малшыдан өніп-өсіп жатыр. Рухани байлық – адам ретінде өмір сүрудің басты нысаналарының бірі болмаса да, аталған құндылықты Алматыда жүрген ауыл жастарының көбісінің бойынан табуға болады. Бірақ, көңіл қынжылтарлық мәселенің қайнары да қала тіршілігіне үйлесе алмаған ауыл баласынан бастау алып жатады. Адасқанның алды жөн, арты соқпақ дегендей «сара жол»-ым осы екен деп «періп» бара жатқан көк өрімді күн сайын қала бұрыштарынан көз шалады.

Қала жастарының үшінші түрі, оралман жастар
Шеттен келген ағайынның жас буыны, әрине, Алматыға бір соқпай кетпейтіні белгілі. ЖОО-да оқып жатқандары қаншама. Олар – армандаушылар. Ел топырағына енді ғана табан тіреген жастың алдағы өмірі жайлы тек жылы үміт пен әппақ арман бар.

P.S Жастардың өңірлік ерекшеліктері мен дүниетанымын уақыт желі жымын білдірмей кіріктіріп кетуі мүмкін. Алайда, «сүтпен біткен сүйекпен кетеді» дегендей қалыптасқан игі мінез бен дарақы болмыс болсын бәрінің де бір «отаны» Алматы қаласы. Алматының Алатау жақ бетінен ескен салқын самал барлық жастардың көкірегіне Иман нұрын себе түссін!

Advertisements

About kazprose

Қазақ елі аман болсын!

Posted on 2010/10/16, in "Қазақ" газеті, Журналистика, Киіз кітап, Тез басында қисық ағаш..., Тұлға, жастар өмірі, Қазақ жайы. Bookmark the permalink. 3 пікір.

  1. aizhannur, пікіріңмен келісемін. Негізі, мен осылай бөлуге қарсымын.
    Жақында менің досымды көшеде ұрып кетті. Ұялы телефонын тартып алмақ болған. Алыс-жұлыс болып жатқан кезде айтылған «әкең» мен «шешеңдерге» қарағанда, түр-тұлға, киген киіміне қарағанда жұдырық ала жүгіргендер қаланың баласы емес секілді. Бұл ауылдың баласын қарақшы жасап көрсетейін дегенім емес, керісінше, жаманның да, жақсының да екі жақта бірдей екенін айтайын деп отырмын. Әрине, қала балаларының көпшілігінің тіл білмеуі көңіл қынжылтады, бірақ, ол – қалада туғанның бәрі жаман деген сөз емес шығар. Сол секілді ауыл балаларының бәрі «инабатты», «ибалы» деген де бұрыс. Жастарды, менің ойымша, «білімге құштар, талапты» және «кері кетуге бейім» деп бөлген дұрысырақ сияқты)

  2. tan kalam! nege osy bari tugel auyldyn balasyn maktap, kalanyn balasyn dattaidy????
    oz basym auylda eki ret gana boldym, tipti akemnin akesi kalada osken, birak ozimdi kazakwylyktan jurdai dei almaim! kaita ozim okygam auyldyn balalarymen, asirese kyzdarymen, munda kelip ne kylyk korsetkenderin jazu mumkin emes! tuk kormegender uksap, kazakhty uiatka kaldyrgandary kanwama boldy!!! bes sausak birdei emes.
    Auyldy jamandaganym emes, korgenimdi aityp jatyrmyn. Al wette bolganda boldy aramyzda bir eki auyldyn «karapaim kara domalaktary», madeniet degennen jurdai, tili kelmese de bizden kalyspaiyn dep oryswa soilep, ozin biik ustagysy keldi, alaida, jokka lazh zhok!

  3. “Мен жастарға сенемін”

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: