Елдік намыс қалай қалыптасады?

QQ-да қытай университеттерінің бірінде(新疆医科大学Шин Жяң Медицина Университетіде) оқитын досыммен әңгімелесіп отырмын.

– Сендер әр дүйсенбі күні ту шығару салтын өткізесіңдер ме?-деп сұрады досым менен.

– Жоқ, әуре емес пе.- ойымда қарсы жақты көбірек сөйлете түсу.

– Ол болмайды ғой.

– Неге? Қытайдағы бүкіл университеттер осылай істей ме?

– Иә, әр аптаның бірінші күні бір уақытта, яғни, Пекин уақыты сағат 9.00-де елдің барлық университтерінде әнұран орындалып, қызыл туға
құрмет ретінде қаз-қатар тізілген студенттер ЖОО спорт алаңына жиналады. Біз үшін
бұл «салтанатты» шара тым қызықты емес.

Мен ұялдым. Біздің университеттер түгілі мектептердің өзінде отансүйгіштікке тәрбиелейтін(мейлі ішпысырарлық жаттанды болса да) іс-қимылдар сирек. Қазақтың өз баласына мақтаныш, елдің
қанат астында өмір сүріп отырған өзге жұртқа тәубәсін ойлаттырар Көк тудың
желбірей көтеріліп, әнұранның асқақтай шырқалғаны сол майдандағы жанның жүрегі мен
рухына бірден әсер ететіні сөзсіз. «Сен біріншісің, әлемде сенен асқан мықты
бала жоқ» салтанатты музыка үні мен жалынды сөз сәби дүниетанымына осындай сананы
біртіндеп сіңіреді.

Бір мәселеленің тамырын басып, өзегіне балта шабуды ойласаңыз болды әлгі тамырмен бірге бүкіл алқаптың шымы солқылдап, тау теңселіп тұрғандай болады. Аталған отансүйгіштік тәрбиенің әлсіз
болуы себебін қарастыра бастағанда, елдегі білім берудің жүйесіздігі бірден көз
алдыға келеді. Алдымен ойға оралатыны ҰБТ төңірегіндегі дауыдың жыл сайын үдей
түсуі болса, КИМЭП мәселесі тағы бар. Жаңа университет ашылуына орай оның атына
және Болашақ бағдарламасының жалғасу-жалғаспау проблемасы туындады. Университет
тәмәмдайтын студенттердің үштік бағасы барлары диплом қорғауға жіберілмейді деп
бір дүрліксе, соңын ала жіберілетін болды деп тағы жапырылды. Сірә, біздің
елдің оқу-білім саласында жүйелі заң да, тәртіп те жоқ екендігі арт-артынан
белең алып жатқан келеңсіздіктерден белгілі болды. Жоқ әлде біздің халық демократияны
шу көтеріп, дау-дамай қуу деп түсіне ме?

«Көш жүре түзеледі» деп өзімізді жұбатайық та, жас өркеннің бойына елдік намыс пен ұлттық сана ұялату аясындағы үйірген зақпымыздың тасын жіберейік. Қайда түсер екен? Кісі жоқ жаққа қарай
жіберейін бе, әлде, …

Advertisements

About kazprose

Қазақ елі аман болсын!

Posted on 2010/10/19, in "Қазақ" газеті, Журналистика, Киіз кітап, Тез басында қисық ағаш..., университет өмірінен, Қазақ жайы. Bookmark the permalink. Пікір қалдыру.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: