ҚазНетке жол тартқан «аз-көп»

"Мінбердің" семинарында

суреттің авторы Еркін Қуатайұлы


18 қазан күні «ҚазЖол» қонақ үйінде «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы, Соғыс және бейбітшілік репортаждары институты (IWPR) және ЕҚЫҰ-ның Астанадағы өкілдігімен бірлесе «ҚазНеттің құқықтық реттелуі және оның қазақтілді интернет БАҚ-тың дамуына ықпалы» атты кезекті семинары өтті(толығырақ мына жерден). Маған ең жақсы әсер еткені Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов мырзаның жаңа медиа туралы Асхат ағай жасаған президентациядан кейін қатты толқығаны болды. Меніңше ол кісіге ұнағаны батыс әлеміндегі саяси тұлғалар төңірегінде ғаламтор беттерінде жарық көрген қызықты жазбалар болса керек. Күн өткен сайын еліміздің қолқа-жүрегіне ендей кіріп келе жатқан жаңа медиа саласына беделді саяси тұлғалардың да немқұрайлы қарамайтындығы түсінікті болды. Бұл да болса халық пен үкімет, шетел қазақтары мен ел тұрғындары арасындағы қатынастықтың билік жағынан ескерілмей қалмайтындығынан белгі берсе керек. Ең негізгі тоқталған түйіннің де түйткілі шешілгендей болды. Ол – ғаламтордығы құқық мәселесі. Яғни сіз, террористік немесе ел тұтастығы мен діни экстремистік пиғылдан аулақ болсаңыз болды бұл заңның сізде шаруасы жоқ екен.

суреттің түсірген: Еркін Қуатайұлы


Блогшылар қауымы да Ғалия Әженова ханымның түйінді сөздерінен өз игіліктеріне жарайтын тұшымды ой тұжырып қайтты деп айтуға болады. Тағы бір қуанарлық жайт, Дәурен Қуат мырзаның айтуынша жақында Абай.kz-тен «Ойтөбе» атты қазақ блогшыларының басын қосатын «шаңырақ» көтерілмек. «Күлтөбенің басында күндей жиын» дегендей «Ойтөбенің» баурайы қазақ блогсферасына жаңалықтар ала келеді деген үміт бар.
P.S Аталған шараның ұйымдастырылуын «массаның басуына құланның қасуы» дөп келген, дер шағында, өз деңгейінде өтті деп есептеуге татитын басқосу ретінде қарастыруға болды. Біздіңше, Қазақтың Елінде қазаққа тиеселі тек қана оның аты емес екендігін дәлелдейтін мезгілдің көктемі туып келе жатыр.

——————————-
Жазба http://neweurasia.net/kazakhstan/ сайтында жарық көрген

Advertisements

About kazprose

Қазақ елі аман болсын!

Posted on 2010/10/20, in "Қазақ" газеті, Журналистика, Киіз кітап, Сыр шертеді мың бояу, Тез басында қисық ағаш..., Тұлға, IT тахникасы, Қазақ жайы. Bookmark the permalink. 1 пікір.

  1. Жағымды жаңалық екен!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: