Қытайдың қай жерінен үйренуге болады?


Әлемдегі түрлі халықтың өзіне ғана тән ұлттық ерекшеліктері, олардың болмысын қалыптастырып, мәдениет ретінде әйгілі болған. Ұлыттық намыс, тіл, дін сияқты өз этносымыздың нәзік тұстарын бірер минутқа ұмыта тұрып, алқып шығып басқа халықтарға да сырт көз ретінде қарап көрсек. Айналамнан қытай туралы сөз екпінін еміс-еміс ести бастасам шүпір-шүпір қайнаған базар немесе жүріліп жатқан ауыр өнеркәсіптің құрылыстары елестейді және жапакеш қара шалдың беймәлім көшеде қоқыс тере бастағаны бар. Сірә бұл халықтың тосын дамып, күллі ғалам назарын аудара бастауын жоғары биліктен емес қарапайым еңбекші шаруаларының бойынан қарастырып, байқастасақ мынадай тізбек шығады екен.

Қытай жұрты:
1. Ақша жинайды;
2. Қолы жеткен қызыметке өте шөгел;
3. Той-томалақта басы артық шығын шығармайды;
4. Өзінен жоғары бастыққа бойұсынғыш;
5. Сенімге бір рет ие болсаңыз олар сізді мәңгі қолдап, демеп, өсіре түскісі келіп тұрады;
6. Тұрмыста қарапайым;
7. Уақытқа өте құрмет етеді;
8. Жақсылықты ұмытпайды, қайтарады;
9. Жоқты табады, барға қанағат етеді;
10. Қарапайым жұмысшыларының өзі күнделікті физикалық-химиялық білімнен сауатты болады;
11. Таңертең ерте тұрады;
12. Баласы орта мектеп тәмәмдағанша ата-анасы олардың барлық сабақтарына жетекшілік ете береді;
13. Жеңіліске немесе тақыр кедейлікке ұшырай қалса, нөлден бастауға дайын тұрады;

Айта кетер тағы бір жайт, осы қасиеттер көбінде ауылдағы қытайларда басым. Білетін кісілердің айтуынша қазаққа жақындаулары ауылда, арамзалары ауданда, жақсылары одан жоғары тұрады.

Қорта айтқанда, орынынан сілкіне тұрып, заман көшін көз ілеспес тездікпен дөңгелек иіріп әкетуіндегі тұғыр – қара халықтың бойындағы қарапайым қасиеттерден тамыр алып жатқаны шындық. Үйренеріміз де көп, жиренеріміз де көп.

Ақпараттар: «Сен – қазақ» сайтынан

Advertisements

About kazprose

Қазақ елі аман болсын!

Posted on 2010/10/29, in "Қазақ" газеті, Ақша табудың айласы, Журналистика, Тез басында қисық ағаш..., Өмір. Bookmark the permalink. 4 пікір.

  1. 1,7,9,11…жо-жоқ, ұнайтын істерді санамалағаннан гөрі үнамайтындарды санау оңай екен. мәселен, 4

  2. Жазбаң жақсы шығыпты. Қытайдың еңбекқорлығы біздің жалқаулығымызды алмастырсын!

  3. Алдыңғы жолы адам етін жейтін қытайлар жайлы жазбаны оқығанда жағамды ұстап едім. Пышақтың екі қапталы болатыны секілді, біздің қытайлардан үйренетін де, жиіркенетін де жақтарымыз бар.

  4. жақсы пост.
    Ия, қытайлардың бойынан сен көрсеткен қасиеттерді жиі байқайтынмын. Оларды бойымызға сіңіре біліп жатсақ, біраз жерге барып қалар едік…Ең болмаса жиі кездесетін жалқаулығымыздан арылсақ…

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: