Monthly Archives: Қараша 2010

Қазақстан әлемнің 5-ірі еліне айнала ма?


Қазақстан мұнай өндіруде дүние жүзі бойынша 5-ірі мемлекетке айналуы мүмкін
Шетел медиаларының 20-қараша Бакуден берген хабарына қарағанда, АҚШ-дың(EIA) Энергия ақпарат мекемесінің 19-қарашада берген қараша айының мәліметінде: Қазақстанның ел ішіндегі бірнеше үлкен мұнай алаптарының жаппай ашылуына қарай, Қазақстан он жыл ішінде мұнай өндіруде дүние жүзі бойынша 5-ірі мемлекетке айналуы мүмкін екен.
Read the rest of this entry

Advertisements

Сәбет одағы қалай ыдырады?

Сәбет Одағының басшылары бір пойезға отырып саяхатқа шығыпты. Бір күні реліс ең шегіне жетіп, пойез тоқтапты.
Ленин үндеу салып:
− Дереу пролетарларды(жоқ-жітіктерді) сенбі күні де борышты жұмыс істейтін етіңдер, темір жолды жөндесін, коммунизмге жеткенше!..
Сталин темекісін бұрқырата қатаң үнмен:
− Маған бір миллион абақтыны реттеп беріңдер, жолды жөндемесе атқызамын!..
Бәтіңкесін тоқылдатып Хрущев шығыпты:
− Артта қалған релісті алдыға жалғаңдар, жалғасты ілгерлейміз!..
Брежинов қолын бұлғақтатып:
− Орындарыңда отырып, арлы-берлі қопақтап қозғалыс жасаңдар, пойез жалғасты алға қарай кетіп бара жатқандай елестейтін болсын!..
Ең соңында Горбачев айтыпты:
− Пойезді шағыңдар, реліс бар жерге жеткенде қайта құрастырамыз!.. – депті.
Сонымен Сәбет Одағы ыдырапты-мыс.
Ал, біздің пойездің жүрісі қазірше жеңіл.

—————————–
Қайнар: «Сен – қазақ» сайты
Сурет: http://www.baidu.com

Саған мәңгі өшпін

Кеше «Сен – қазақ» сайтын парақтап отырып Бұзау деген атпен жазба қалдырған Досжан есімді досымды жолықтырдым. Мектеп кезімдегі жора-жолдастық пейілдің ыстық сағынышы қайта оянды. Досымның бір жазбасын ұсындым. Жазбаның төте жазудағы нұсқасы осы күнге дейін( 31-қазан күні жарияланған) 2500 рет қаралып, 80-нен артық пікір қалдырылған.

Бәлкім осындағы(«Сен-қазақ»-тағы) кейбір ағаларымыздың, апайларымыздың жақын достарының бірі боларсың, бәлкім бұрын араласқан боларсың… бірақ, өзімнің өшпенділігімді «Сен – қазақ»-тағы барлық қауым алдында, қандастарымыздың алдында аямай айтып, шиіңді шығарғым келіп отыр.
Алғаш рет, ұмытпасам 12 жасар кезімде сені көршіміз Рақымбайдың үйінде болған тойда көрдім. Марқұм Рақымбайдың төрінен, құдалар мен құдағилардың ортасынан ойып орын алған екенсің. Бәлкім ұмытпаған шығарсың, сол күні тойдың арты қызыл-қырғын төбелес болып, екі құданы бір-біріне айтақтап салып, жағадан алысуға дейін апарыпсың… бірақ, мұны ешкім де сенен көрмеді, сол оқиғадан соң ауылға жиі келіп тұратын болдың.

Read the rest of this entry

Бір тоқым жер, бір уыс топырақ

Қазақта  «емшегін көкке сауу» деген ғұрып  бар. Ата-анасына  зәбір-жапа  көрсеткен, қол  жұмсаған, тілі  тиген  немесе  ел-жұртына, руына  ел  естімеген  іс  істеп  ұят  келтірген  жастарды 
жазалаудың  ауыр  түрі  бұл. Бұдан  басқа  теріс  бата  да  осы  тектес  салт  болып  саналады. Халықтық  ұғымда  «бір тоқым жер», «бір уыс топырақ» сияқты туған  жердің  зіл-батпан  сағынышына, төсіне  ел  жайлаған  түңкелі  мекенге  деген үлкен  махаббаты  бейнелейтін  сөздер  бар. Сөз  құдіреті  деген кейде  күнделікті  өмірдің  ауыр  сәттерін  ұмыттырып
  бақытты  күйге  бойыңды  алдыртып, бусандырып  жіберетіні  бар.


Read the rest of this entry

«Сен – қазақ» сайты жайлы

"Сен - қазақ" сайты

"Сен - қазақ" сайты

Қытай қазақтарының ең беделді, кең қолданысқа ие сайттарының бірі, ол – «Сен – қазақ» сайты. Торап 2004 жылдан бері қарай жұмыс істеп келеді. Төменде біз аталған сайттағы еңдер мен санды мәліметтерге жүгіне отырып, сайттың болмысы-бітімін, қолданушылар белсенділігін, көтерген мәселелерінің маңыздылығы жайлы тоқтала кетсек.

Сайттағы тұрақты тіркелген мүшелер саны: 15278

Асабалар(басқарушылар) саны: 38

Сайтқа жазба енгізетін мүшелер саны: 7543(барлық мүшелермен салыстырғандағы ұстайдын пайыздық мөлшері: 50.63%

Сайттағы айдаршалар саны: 54

Read the rest of this entry

Қажымұқан(哈吉木汗)

Қажымұқан

Қажымұқан


Қажымұқан
哈吉木汗
hā jí mù hàn

哈萨克历史上最著名的超重量级摔交明星,曾经24次拿过世界冠军头衔,去过20多个国家参赛,其中包括中国哈尔滨.据说他能将碗口粗的钢管想红领巾一样系在脖子上,用牙齿牵动一个火车车厢,让大卡车碾过身体却安然无恙!

hā sà kè lì shǐ shàng zuì zhe míng de chāo zhòng liàng jí shuāi jiāo míng xīng, céng jīng 24cì ná guò shì jiè guàn jun1 tóu xián ,qù guò 20duō gè guó jiā cān sài ,qí zhōng bāo kuò zhōng guó hā ěr bīn. jù shuō tā néng jiāng wǎn kǒu cū de gāng guǎn xiǎng hóng lǐng jīn yī yàng xì zài bó zǐ shàng, yòфng yá chǐ qiān dòng yī gè huǒ chē chē xiāng ,ràng dà kǎ chē niǎn guò shēn tǐ què ān rán wú yàng !

Қазақ тарихындағы әйгілі палуан, кезінде 24 рет әлем біріншілігін жеңіп алған. 20-дан астам мемлекеттерде болып, еліміздің(Қытайдың) Харбин қаласындағы сайысқа қатысқан. Білетіндердің айтуынша ол темір қазықты мойнына қызыл галстук сияқты орай салатын болған, тісімен пойыз сүйрегені мен кеудесіне қойылған тастың үстінен жүк көлігін өткізгені аңызға бергісіз хикаяларға айналған.
Read the rest of this entry

Қырандар патшасы және доңыздар


(аңыз)
Доңыз әр кеш сайын жатарда табанындағы жазуды көріп жалайды екен. (Доңыздың өлетін күні табанында жазулы дейді.) Жарық дүниемен қоштасар күніне жақындап қалғаны есіне түсіп, өзінің доңыздық тірлігіне әбден налиды екен. Ендігі қалған өмірімде шалшыққа аунамайыншы, лас, харам іс жасамайыншы деп өз-өзін қайрайды екен. Сөйтіп, жылап жатып көзі ілініп кетеді. Ертеңінде таң ата оянады. Ояна сала табанымен жер басқан бойда бәрін ұмытады. Өйткені жазуды көріп тұрған жоқ. Содан кешке дейін армансыз батпаққа аунайды, қайтадан доңыздығын істейді екен.
* * *
Доңыз аспанды көре алмайды. Аспанды көрмейді екен! Көрейін десе де көре алмайды екен. Енді сол доңыз қырандарға басшы болса қайтеді?

Талаптан Ахметжанның «Жан әлемі» атты кітабынан

%d bloggers like this: