Сезім тіліндегі өмір

Сүйікті жануарым - жылқы

Сүйікті жануарым - жылқы


Е-е-е! Осы екен өмір деген. Кеше ғана ержетуді армандап, үлкендерге еліктеп, шаш қойып, шар тастап жүр едік. Бүгін Аматыда. Қазақстанда. Осыдан екі-үш жыл бұрын бұл мекенде kazprose деген блогқа жазба қосып отырам деген кімнің ойында бар. Бұрқылдап жатқан ақпарат ортасында өз-өзіңе үңіліп, ой жүгіртіп, пайымыңа нарау болса да назар салып қоюдың реті түсіп тұрған сияқты.
Инді мұхитының Үнді түбегінде мынадай бір оқиға туылған екен. Жас ана өзінің үш жасар ұлын құтқару үшін, бес жасар үлкен баласын теңізге жіберіпті. Бұлай істемегенде аналы-балалы үшеуі де суға кетуі мүмкін екен. Ана кіші ұлын құтқарғаннан кейін ойламаған жерден ғаламат іске кәуа болады. Үлкен ұлы да бір құдіреттің күшімен аман қалады.
Кейде ойлайсың, қымбатты дүниеңнен қол үзудің өзі бір бақыттың бастауына айналып кетуі ғажап емес. Ол үлкен ләззат, көркемөнерлік шабыт сыйлауы да мүмкін ғой. Өткен күннің белгісіндей болып көз алдымда жатқан талай керексіз дүниелерімнің қаншалықты ыстық болғанына қарамай қоқыс жаққа лақтырып тастауымның өзі неге тұрады. Күндеілкті күйбең өмір немесе аудиториядағы кісіні мезі қылып жіберер жаттанды сабақтар мен өзі білмейтін дүниені тілін шайнап өзгеге үйретіп тұрған бейшара мұғалім алдында отырған сәтте ерлікпен жасаған сол ісім еске түссе… ғашық болдың бақытты азабы сияқты кермек дәм таңдайыма тамшылай бастайды. Жә, Мейіржан, қой енді. Үнсіз қалған сәттерде өз меніммен сөйлесе бастағанда, күңкілдесіп ұрысысып, бір өкпеге бел алдырып жатқанда селк ете түсем. «Жә, Мейіржан, қой енді!» деген дауыс құлағымда жаңғырып тың серпін, өзгеше күш бойымда тамырын жайып, қан өзенімді басқаша түске бояп бара жатқандай болады.
Алғашқы жылдары қағазстан мен жемқорияның уытынан демім шықпай қалатын кездерді ойлап қазіргі үмітті болмысыма шүкіршілік етемін. Ол уақыттағы тағы бір зіл – күн сайын жаныңды мүжіп, жүрегіңді кеміре түсетін мың батпан сағыныш еді. Алпыс екі тамырыңмен егіліп жылайсың. Ер жігітпіз ғой, көз жасымызды көрсетпейміз әрине. Көбінде көз емес, отты өзек, жан жүрек жылайды. Жас ағызып жылағаннан мың есе ауыр шығар бұл күй. Кінәмшіл, кірпяз, күйрек боласың.
Бе-е-еу, Осы екен өмір деген. Алланың берген қуаты сарқылмасын! Шүкір осы күнге. Осы аптаның ішінде біраз қуанышты жағдайлар болды. Мейіржан, ұзағынан сүйіндірсін(өз-өзіме дем берейінші)! Сезім тіліндегі өмір деген оттаған сөз шығар бәлкім, бірақ, жастықтың табиғаты еріксіз осындай сөздерге үйірсек қылып, бауырыңа бастыра бере ме қалай!? Дос, «Таң атқанда күліп оян!»(Нұрлы)
«Ағарған шашым мың құлаш,
Қайғымды жетпес орауға» деген Ду Фу өлеңі әдірам қалсын!
Кешір поэзия, блогымның аты «Проза» еді! 

Advertisements

About kazprose

Қазақ елі аман болсын!

Posted on 2010/11/04, in Еркек құпиясы, Киіз кітап, Махаббат қызық мол жылдар, Тез басында қисық ағаш..., Тұлға, жастар өмірі, университет өмірінен, Өмір. Bookmark the permalink. 1 пікір.

  1. Алланың берген қуаты сарқылмасын!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: