Көгілдір қателік

Сені сүю –
Әрине, қателесу!
Сол қателік жүректі мәпелесін.
Шашы ағарған масаңдау махаббатты,
Сен жетелеп алдыма әкелесің.
Саған емес,
Ғашықпын елесіңе…
Жапырақтың жаралы денесінен –
Қабылдадым,
Мұңның иісі аңқыған ән ырғағын.
Көрдім солай көгілжім көкжиектен,
Жас ғұмырдың жап-жасыл тамырларын.
Жасыл тамыр…
Жанып тұр тым биікте.

«Сені сүйем, Хұсни қыз!» дегім келді,
Жанарыңа бір тамшы мұң құйып мен…
Омырауынан аспанның сүт ағыла,
Тоғысады қара жер жұпарына.
Тамылжыта сайрайсың,
Тағы да сен –
Бір өлеңнің қонақтап бұтағына.
Сені сүю – қателікү
(Бұл ғой солай!)
Тым ардақты атыңды мың қайталай –
Кетем сосын жым-жылас түнге сіңіп…
Телміресің көзіңе көлеңкенің,
Сен жүресің менсіз де күн кешіріп.
Мұңның исін аңқыған ән ырғағын,
Мен осылай қуана қабылдадым.
Көз жасымен суарар көктем ғана,
Жас ғұмырдың жап-жасыл тамырларын…

Авторы: Ерлан Нұрдыханұлы

Advertisements

About kazprose

Қазақ елі аман болсын!

Posted on 2010/11/10, in "Қазақ" газеті, Киіз кітап, Қазақ поэзиясы, Өмір. Bookmark the permalink. 3 пікір.

  1. Тәтті мұңға жетелейді екен,,,

  2. ademi eken. bir turli moldir sekildi ma, gajap.

  3. Өзге махаббат жырларына ұқсаңқырамайтын,бөлек жыр екен. Ұнады.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: