Daily Archives: 2010/11/11

Қырандар патшасы және доңыздар


(аңыз)
Доңыз әр кеш сайын жатарда табанындағы жазуды көріп жалайды екен. (Доңыздың өлетін күні табанында жазулы дейді.) Жарық дүниемен қоштасар күніне жақындап қалғаны есіне түсіп, өзінің доңыздық тірлігіне әбден налиды екен. Ендігі қалған өмірімде шалшыққа аунамайыншы, лас, харам іс жасамайыншы деп өз-өзін қайрайды екен. Сөйтіп, жылап жатып көзі ілініп кетеді. Ертеңінде таң ата оянады. Ояна сала табанымен жер басқан бойда бәрін ұмытады. Өйткені жазуды көріп тұрған жоқ. Содан кешке дейін армансыз батпаққа аунайды, қайтадан доңыздығын істейді екен.
* * *
Доңыз аспанды көре алмайды. Аспанды көрмейді екен! Көрейін десе де көре алмайды екен. Енді сол доңыз қырандарға басшы болса қайтеді?

Талаптан Ахметжанның «Жан әлемі» атты кітабынан

Advertisements
%d bloggers like this: