«Сен – қазақ» сайты жайлы

"Сен - қазақ" сайты

"Сен - қазақ" сайты

Қытай қазақтарының ең беделді, кең қолданысқа ие сайттарының бірі, ол – «Сен – қазақ» сайты. Торап 2004 жылдан бері қарай жұмыс істеп келеді. Төменде біз аталған сайттағы еңдер мен санды мәліметтерге жүгіне отырып, сайттың болмысы-бітімін, қолданушылар белсенділігін, көтерген мәселелерінің маңыздылығы жайлы тоқтала кетсек.

Сайттағы тұрақты тіркелген мүшелер саны: 15278

Асабалар(басқарушылар) саны: 38

Сайтқа жазба енгізетін мүшелер саны: 7543(барлық мүшелермен салыстырғандағы ұстайдын пайыздық мөлшері: 50.63%

Сайттағы айдаршалар саны: 54


Әр күнгі пікірлер саны орта есеппен: 239

Осы уақытқа дейін сайттағы қосылған жазбалар саны: 36096

Жазбаларға қайтарылған жауаптар мен пікірлер саны: 333976

Әр тақырыпқа орташа есеппен 8.25 пікір қалдырылады;

Жалпы сайт осы уақытқа дейін 37816934 рет қаралған;

Қаралуы ең көп айдаршалар кезегімен: «Жаңалықтар», «Талас-тартыс», «Жыр жақұты», «Күлкі күймесі» сияқтылар;

Ең көп қаралған тақырып: «Аттаныс: Домбыра арағын өндіруді тоқтатуын талап етеміз», бұл жазба 26602 рет қаралса, «Қазақ жазуын латын қаріптерімен бейнелеу жобасы» атты тақырып 23497 рет қаралып үлгерген. Ал, көрілім рет саны он мың мен он сегіз мыңның аралығындағы жазбалардан бірнеше оны бар.

Сайттағы Бақытбек.И атты қолданушы желіге ең көп жазба қосушы ретінде тіркелген. Оның сайтқа жариялаған жазбасының саны: 5395

Екінші орында 4184 жазбасымен Аяу атты қолданушы тұр.

Сайттағы тікелей желіде отырған уақыты жағынан дәл осы күнге дейін Аяу бірінші орында тұрған көрінеді, сайтта болған уақыты: 1726 сағат. Ал, қараша айында айда Айгүл атты қолданушы 70 сағаттық өремен ағалап алда келеді екен. Көктүрік, Аян, Оспан атты қолданушылар да 1600 сағат тікелей желіде болуымен ерекшеленіп тұрса керек.

P.S Ең жоғары түсел қыбалдаған күні: 2010 жылы 10 айдың 19 күні. Бір уақытта сайтта болған адамдар: 327
Сайттың жалпылық ерекшелігі ұлттық мұраны ардақтап, әдебиет пен тарихты кеңінен нәсихаттау және қазақи ортаны қалыптастыра отырып, мәдениетімізді одан әрі қарай дамыту. «Сен – қазақсың! Саналысың, сабырлысың, азатсың!» атты көтерген ұрандарынан-ақ желінің негізгі ұстанымын көруге болатын сыңайлы.

About kazprose

Қазақ елі аман болсын!

Posted on 2010/11/14, in "Қазақ" газеті, Журналистика, Киіз кітап, Сіз естімеген жаңа есім, Тез басында қисық ағаш..., Kazprose, Қазақ жайы. Bookmark the permalink. 2 пікір.

  1. Сіздің блгыңыз маған «Қытай қазақтарына ашылған терезе» секілді. Ол жақтың сайттарына кіргенмен төте жазуды білмеймін. Былайша, оқып, қарап көруге тұрарлық дүниелер баршылық.

  2. Администраторды Асаба деп қолданулары көңілге қонады екен. Бірақ «асаба» сөзі әлі де болса, тоймен байланыстырылады 🙂

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: