Daily Archives: 2010/11/20

Саған мәңгі өшпін

Кеше «Сен – қазақ» сайтын парақтап отырып Бұзау деген атпен жазба қалдырған Досжан есімді досымды жолықтырдым. Мектеп кезімдегі жора-жолдастық пейілдің ыстық сағынышы қайта оянды. Досымның бір жазбасын ұсындым. Жазбаның төте жазудағы нұсқасы осы күнге дейін( 31-қазан күні жарияланған) 2500 рет қаралып, 80-нен артық пікір қалдырылған.

Бәлкім осындағы(«Сен-қазақ»-тағы) кейбір ағаларымыздың, апайларымыздың жақын достарының бірі боларсың, бәлкім бұрын араласқан боларсың… бірақ, өзімнің өшпенділігімді «Сен – қазақ»-тағы барлық қауым алдында, қандастарымыздың алдында аямай айтып, шиіңді шығарғым келіп отыр.
Алғаш рет, ұмытпасам 12 жасар кезімде сені көршіміз Рақымбайдың үйінде болған тойда көрдім. Марқұм Рақымбайдың төрінен, құдалар мен құдағилардың ортасынан ойып орын алған екенсің. Бәлкім ұмытпаған шығарсың, сол күні тойдың арты қызыл-қырғын төбелес болып, екі құданы бір-біріне айтақтап салып, жағадан алысуға дейін апарыпсың… бірақ, мұны ешкім де сенен көрмеді, сол оқиғадан соң ауылға жиі келіп тұратын болдың.

Read the rest of this entry

Бір тоқым жер, бір уыс топырақ

Қазақта  «емшегін көкке сауу» деген ғұрып  бар. Ата-анасына  зәбір-жапа  көрсеткен, қол  жұмсаған, тілі  тиген  немесе  ел-жұртына, руына  ел  естімеген  іс  істеп  ұят  келтірген  жастарды 
жазалаудың  ауыр  түрі  бұл. Бұдан  басқа  теріс  бата  да  осы  тектес  салт  болып  саналады. Халықтық  ұғымда  «бір тоқым жер», «бір уыс топырақ» сияқты туған  жердің  зіл-батпан  сағынышына, төсіне  ел  жайлаған  түңкелі  мекенге  деген үлкен  махаббаты  бейнелейтін  сөздер  бар. Сөз  құдіреті  деген кейде  күнделікті  өмірдің  ауыр  сәттерін  ұмыттырып
  бақытты  күйге  бойыңды  алдыртып, бусандырып  жіберетіні  бар.


Read the rest of this entry

%d bloggers like this: