Бір тоқым жер, бір уыс топырақ

Қазақта  «емшегін көкке сауу» деген ғұрып  бар. Ата-анасына  зәбір-жапа  көрсеткен, қол  жұмсаған, тілі  тиген  немесе  ел-жұртына, руына  ел  естімеген  іс  істеп  ұят  келтірген  жастарды 
жазалаудың  ауыр  түрі  бұл. Бұдан  басқа  теріс  бата  да  осы  тектес  салт  болып  саналады. Халықтық  ұғымда  «бір тоқым жер», «бір уыс топырақ» сияқты туған  жердің  зіл-батпан  сағынышына, төсіне  ел  жайлаған  түңкелі  мекенге  деген үлкен  махаббаты  бейнелейтін  сөздер  бар. Сөз  құдіреті  деген кейде  күнделікті  өмірдің  ауыр  сәттерін  ұмыттырып
  бақытты  күйге  бойыңды  алдыртып, бусандырып  жіберетіні  бар.


Осы  сөз  де сондай. Сөздің  иіріміне  көңіл  тұншығады  да  анау  астарында  жатқан  айқай  мен  шындық, көтерілген  мәселе  бүркеліп  қала  береді. Газттерді, телеарна  мен  радионы, сайттарды  шолып  қарап  отырсаңыз  туылған  оқиға, шешімін  таппаған  трагедиялық  проблемалардың  өзінен  сол  дүниелерді  оңды-солды  төкпелеп  суреттеп, айтып, көрсетіп  жатқан  сөзіміз  көп  екен. Іс  жоқ. Ұлттың  жалпылық  әлсіздігі  ауызбен  орақ  орған  жалпақшешейлік  пен  жалқаулық  екендігін  көзалдағы  осынау  келеңсіздіктің  өзі-ақ  көрсетіп  тұрғандай. Бәрі  айтқыш, сөккіш, сынағыш. Үндемей  барып  іс  тындырудың  орнына  жиналып  алып  дөңгелек  үстел, келіссөз, басқосудан  қолы  босамай  жүрген  қазақ  қайда  барсаң. Өздері  тағы  ешкімді  бойына  тоғытпайды. Паң.
Құдай-ау, бұл  сорлылығымызды  бір тоқым жер үшін, іңгәлаған  ұрпағының  ертеңгі  күні  үшін  көкірегін  жау  найзасының  ұшы  мен  мылтығының  аузына  тосқан  бабаларымыз  көрсе  емшегін көкке сауар  бәлкім. Сөз  жалықтырды.

Advertisements

About kazprose

Қазақ елі аман болсын!

Posted on 2010/11/20, in "Қазақ" газеті, Журналистика, Киіз кітап, Тез басында қисық ағаш..., Қазақ жайы, Өмір. Bookmark the permalink. Пікір қалдыру.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: