Monthly Archives: Желтоқсан 2010

Әкенің ұлына айтқан 10 ауыз сөзі


1. Ұлым, сұлу әйелге сүйсінем деп жанарыңды жоғары көтерме, өзіңдікі емес сұлуға сұқтана қарау жараспайды. Көп адамды әйелдің сұлулығы құртқан, өйткені сұлудың махаббаты күл қылып күйдіріп жіберетін жалын іспетті.
2. Ұлым, ақылдыға ілессең, адаспайсың; ақымаққа ілесіп, ақыл қоспайсың.
3. Ұлым, ағашты бұтағы мен жемісі, ал, тауды қалың орман қалай көркейтсе, еркекті балалары мен әйелі солай көркейтеті. Бауырлары да, әйелі де, ұлдары жоқ адамды жаулары көзге ілмейді. Ол жол айрығына өске ағаш сияқты, әр өткен адам жемісін жұлып әкетеді, әрбір аң даладағы әр қабығын бір тістеп өтеді. Read the rest of this entry

Advertisements

Миллиард қытайды бағындырған қазақ қызы

Фильмнің бас режиссоры Жанар Сағатқызы фильм түсіруді бастау салтында сөз сөйлеп тұр

Фильмнің бас режиссоры Жанар Сағатқызы фильм түсіруді бастау салтында сөз сөйлеп тұр

Қаңтардың 1-жұлдызы күні алтын уақытта Жанар Сағатқызының «Таң алдындағы сайыс» фильмі Қытай Орталық Телевизиясының 1-інші арнасынан мерекелік сый ретінде миллиард қытай көрермендеріне жол тартпақ. Read the rest of this entry

Қытайда құлтемірлер қызмет көрсете бастады

27 желтоқсан күні, ас тасыған құлтемірлер кафеде қызмет етуде. Суретті түсірген Шин Хуа агенттігінің тілшісі Шұй Сұ Хуй

27 желтоқсан күні, ас тасыған құлтемірлер кафеде қызмет етуде. Суретті түсірген Шин Хуа агенттігінің тілшісі Шұй Сұ Хуй

Жақында қытайдың Жи Нән қаласында құлтемір(робыт) адам қызмет өтейтін асхана сынақ ретінде ашылды. Асханада қазір 11 құлтемір адам жұмыс істейді. Олар тағам жеткізу, қонақ күтіп алу және ойын көрсету сынды үш түрлі жұмысты атқара алады. Бір уақытта жүз қонақ қабылдап, қызмет көрсетуге мүмкіндіктері бар.

————————–
Ақпарат көзі: «Халық» торабы 28.12.2010

Қасқыр мен арыстанның қайсысын таңдайсың?

Жаратушы екі топ қойды жайылымға жіберіпті, бір тобын түстікке, бір тобын терістікке. Жаратушы тағы екі топ қойға екі түрлі ата жуларын қоса жіберетінін аңдатыпты. Оның бірі арыстан, бірі қасқыр. Жаратушы қойларға былай депті:«Егер сендер қасқырды алсаңдар, мен тек бір қасқыр жіберемін, қасқыр сендерді кез-келген уақытта жей береді; егер сендер арыстан аламыз десеңдер, екі арыстан жіберемін, бірақ, біреуі менің қасымда болады, сендер кез-келген уақытта екі арыстанның орындарын алмастыра аласыңдар», депті. Түстіктегі қойлар «Арыстан қасқырға қарағанда жыртқыш, біз қасқырды таңдайық!» деген шешімге келіпті де, қасекеңді таңдапты. Read the rest of this entry

«Өркениеттер қақтығысы» болмайды

АҚШ оқымыстысы Samuel Huntington ортаға қойға «Өркениеттер қақтығысы» ұғымы көп адамдарды осы күнге дейін алжастырып келеді. Ойлап қарасаңыз өркениеттер арасында қақтығыс болмайды, өйткені ол өркениет. Өркениет деген әділеттілік, әділеттілікте қақтығыс болмайды. Тек өркениет пен жабайылық арасында қақтығыс болады. Ал, жабайылықты өркениет деуге болмайды. Read the rest of this entry

Қазақстандағы оралмандардың жағдайы шетелдегі қазақтарға қалай әсер етеді

Шетелдегі  қазақтардың  Қазақ  еліне  көзқарасын  ресми  билік  атқарған  ауқымды  шаралардан  гөрі, жайшылықта  келімді-кетімді   «Қыдырмаштардың» әңгімесі белгілеп  жатады. Әрине, ауылдағы  қарапайым  қазаққа  ұлттық  мақтаныш  пен  мемлекеттік  деңгейде  атқарылып  жатқан  шаралар  қаз-қалпында  жете  бермейтіні  анық. Алматы  мен  Астана  және  Қазақстанның  басқа  да  облыстарындағы  оралмандар  айналасында  қылмыстық  оқиғалар  жиі  туыла  бастады. Бұл  оқиға  туралы  әңгіме олардың  көшіп  келген  ауылына  күн  айналып, ай  аттамай  жатып  жетіп  үлгереді. Read the rest of this entry

Азиада

Азиада рухында

Vodpod videos no longer available.

Азиада, posted with vodpod

%d bloggers like this: