Ұстаздық ұлағаты улаудан аулақ

Жаңа медианың ықпал күші

Жаңа медианың ықпал күші


Бүгін Кәкен ағайдың соңғы сабағы болды. Фелетон туралы айтты. Иә… есті сабақтың, өз мамандығымның қадір-қасиетін жеріне жеткізіп санаға сіңірген қадірлі ұстаз көзіме ыстық көрініп тұрды. Сабақ демекші, бәрі осы сабақтан бастау алып, қайта айналып тағы осы сабақ өміріне тіреліп жатады. Қашып құтылмайсың, қусаң жеткізбейді. Ол, әрине, білген сайын қызық болар, ал білмеген сайын жек көре түсетін наз бен үмітке толы, қынжылыс пен махаббат та қатарласа қалып, қапылысы мен қарпысын тең ұсынатын қызықты өмір ғой.
Қам-қайғыға жеңіле қоймаған, бұрқасыны мол болашақты әрқашан өз ұстазына қарап бағалап жатады олар. Сөз қозғап отырған сабақ және өресі биік ұстаз жөнін біз оқып жатқан «Блогтық журналистика» сабағынан да бөліп-жарып қарай алмаймыз. Бұл жөнінен ғаламтор ғасырының мол мүмкіндігі мен қыр-сырын бұл туралы тым көп біле бермейтін, білсе де бағыт-бағдарсыз жүрген шәкірттердің көкірек сарайына даңғыл-сара жол салған Асхат Еркімбайдің еңбегін атамай кетуге болмайды. Ал, таза ғылым ортасын, білім алып жатқан балғын шәкірттің көңілін лайлап «Дат»-тың дақпырты бізге де жетпесі бар ма?! Біз таң болдық. Бұрын осындай болмыстағы іс-әрекеттер болады дегенді көп естісем де, тым мән беріп, назарыма алмаушы едім. Уақыт төрешісі сыйлаған, тарих толғағы қысқандағы ұлт тағдырының бұралаңдығы мен дін Ислам – діңгегіміз өз алдына да, біздің білім алу, ғылым жолындағы талпынысымыз өз-өз алдына бөлек мәселе.
Айтар сөздің түйіні, ұстазымыз Асхат Еркімбайдың бізге үйретері де, жастардың одан үйренері де көп. Жаратушы осы тыңға салған сүрендей машақаты мен рахаты мол жолдан тайдырмасын бізді!

сурет: http://www.cptoday.com.cn

Advertisements

About kazprose

Қазақ елі аман болсын!

Posted on 2010/12/07, in "Қазақ" газеті, Ақ дастарқан, Журналистика, Киіз кітап, Тұлға, жастар өмірі, Қазақ жайы. Bookmark the permalink. 1 пікір.

  1. Бүгін осы жылдыққа соңғы лекциямыз болды. Көп жағдайда артына тек барар жерге жеткенде қарайтынын өкінішті-ақ…

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: