Пекиндегі ұйғұрлар ана тілін қорғауға көшті


«Сен-қазақ» сайтындағы мәліметтерге жүгінсек, Пекиндегі ұйғұрлар бірлесіп жоғары билікке хат жазып, өз талап-тілектерін білдірген. Орталық Ұлттар Университетінің пропессоры Ілхам Тоқты «Ана тілі қайғысы және «Қос тіл» оқытуына талап» деген атпен үкіметке Шинжияң Ұйғұр автономиялы раионында жүргізіліп отырған оқу-ағарту саясаты мен тіл-жазу саясатына және ұлт саясатына қатысты 6 түрлі үндеу, 12 түрлі нақты талап қойған.
Қытайдың «сабан астына су жүгірткіш», қараңғы үңгір тектес сесті саясаты жөнінен алғанда мұны үлкен ерлікке парапар іс деп бағалауға болады. 2010 жылдың 12 қарашасында Орталық Ұлттар Университетінде жасалған баяндамаға сол кездің өзінде 200-ден астам адам қол қойған. Ілхам Тоқты бұл баяндаманың тибет оқушылардың қос тіл саясатына қарсылығынан кейін, Пекиндегі ұйғұр, қытай, тибет, қазақ студенттері мен зиялылары алдында және Италия, Германия, Кореия, Жапония, АҚШ сияқты елдерден келген шет ел қонақтарына жария еткен. Жиыналыста қытай үкіметі ресми өкілдері де болғанын айтады.
Ал, өзге ақпарат көздерінің мәліметтеріне қарағанда Тибеттегі студенттер осы мәселеге байланысты ереуілге шығып та үлгерген.

Ұйғұр тіліндегі ақпараттар: http://bbs.kangsay.com/read.php?tid=6661

сурет: nipic.com сайтынан

About kazprose

Қазақ елі аман болсын!

Posted on 2010/12/09, in "Қазақ" газеті, Журналистика, Киіз кітап, Тез басында қисық ағаш.... Bookmark the permalink. Пікір қалдыру.

Пікір қалдыру