Хакерлер принципі

Тегін еңбек жоқ, бәрібір ақшадан айрласыз

Тегін еңбек жоқ, бәрібір  ақшадан  айрласыз

Бұл  жазбаның авторы  Қазақсофт  сайтының  құрушысы  Ойлан  мырза. Арамызда  жүрген  хакерлердың  көзіне  шалынып  жатса  бір пайдасы  тиер  деген  үмітпен  төте  жазудан  криллге  түсіріп  қойдым. Қазақсофт  сайтында  «Қазақ хакерлер ұйымы  қажет  пе?» деген  тақырыпта  арнаулы  осы  салаға  байланысты  пікірталас  та 
жүргізілгенін  ескерсек, қазақ  компьютер  әуескерлері  бір шаңырақтың  астына  жиналып  ұлттың  жаңа  заман  техниксы 
үшін  күресін  алға  ілгерлетсек  деген  ізгі  тілегі  ортаға  қойылған. Көптеген  адамдар, әрине, қолдау  білдірген, бірақ, атқарған  ісінен  гөрі  айқайы  көп  біздің  жұртта  мұндай  шараны 
атқарудың  өзіне  көп  жапа  керек  шығар  деп  ойлаймын.
1. Әрқандай  бір программаны  қара  ниеттілікпен  бүлдірмеу  керек, бұл  сізге  тек  қана  әурешілік  тудырады.
2. Әрқандай  бір системаны  немесе  материялды  өзгертпеу  керек. Егер  системаға  сұғанақтық  жасау  үшін  өзгерткен  болсаңыз, онда  мақсатыңызға  жетіп  болған  соң  әуелгі  қалпына  келтіріп  қойыңыз.
3. Өзіңіз  шабуыл  жасамақшы  болған  ғаламтор  адресін 
жеңілтектікпен  басқаларға  айтып  қоймаңыз(мүлдем  айтуға  болмайды).
4. Өзіңіздің  хакерлік  істеріңіз  туралы  әлеуметтік  желілерде, сұқбаттарда, талқыларда  көп  адаммен  бірге  талқы  жүргізбеңіз.
5. Торапта  мақала  жолдағанда(жаңа  жазбаларыңызда) өзіңіздің  шын  есіміңізді  қолданбауыңыз  керек.
6. Өзге  компьютерге  сұғанақтық  жасаған  кезде, компьютеріңіздің  алдынан  бірер  секунд  болса  да алысқа  кетпеңіз.
7. Үкімет  органдары  бас  аппарат  компьютеріне  сұғанақтық  немесе  бұзғыншылық  жасамауыңыз  керек.
8. Телефонда  өзіңіздің  хаккерлік  істеріңіз  туралы  әңгімелесе  көрмеңіз.
9. Ноутбугыңызды  қауіп-қатерсіз  орындарға  қоюға  әдеттеніңіз.
10. Система  ақаусыздығы  мен  система  олқылықтарына  қатысты  кітаптар  мен  материялдарды  барынша  түсініп  көруге  құлшына  жүріңіз.
11. Сұғанақтық  жасаған  компьютердегі  құпия  цифр  мен  есеп-аттарды  өзгертіп, өшірмеуіңіз  керек.
12. Система  материялын(архивын) албаты  өзгертпеуіңіз  керек. Егер  сіздің  сұғанақтық  жасағаныңызды  жасыру  үшін  өзгерткен  болсаңыз, онда  бұл  шектеме  қойылмайды.
13. Сіз  бұзып  шешкен  есеп  немесе  ат  номерлерін  достарыңызға  беріп, албаты  пайдаланбауыңыз  керек.

Бұл  принциптерді  дүниедегі  ең мықты  хакерлер(программистер) өз  бастарынан  кешіру  мен  тәжірибесінің  нәтижесінде  ортақ  жасап  шыққан.

Ақпарат  көзі: «Қазақсофт» сайты

Advertisements

About kazprose

Қазақ елі аман болсын!

Posted on 2010/12/14, in "Қазақ" газеті, Ақша табудың айласы, Журналистика, Киіз кітап, Тез басында қисық ағаш..., Тұлға, жастар өмірі, IT тахникасы, Қазақ жайы. Bookmark the permalink. 4 пікір.

  1. Ой Ерлан Оспан американың сауда Ұине құлаған ұшақтаи қыират демекшісң бе?

  2. Өзіңіздің хакерлік істеріңіз туралы әлеуметтік желілерде, сұқбаттарда, талқыларда көп адаммен бірге талқы жүргізбеңіз.
    ана Әлеуметтік желідегі МАрк Цукерберг еске түсіп кетті:)))). Универдің жүйесін бұзып тастап, сол бойы оны өз блогына жариялап отырғаны хахаха

  3. Бұл нағыз хакерлердің принципі…Жәнеден ұрдыққа тусіп жүргендер бұны орындай бермейді…Себебі оларда тәжири бе жоқ қой!

  4. Өзіне – өзі қайшы принциптер екен. Жалпы мұндай принциптер ұсыну үшін – жазған адамның өзі «хакер» болуы керек.
    1. Әрқандай бір программаны қара ниеттілікпен бүлдірмеу керек, бұл сізге тек қана әурешілік тудырады.
    Ақ ниетпен бүлдіргеннің өзінде, ұсталған жағдайда – ниетіңнің түсін дәлелдей алмайтының өкінішті-ақ.
    2. Әрқандай бір системаны немесе материялды өзгертпеу керек.
    Онда хакерліктің маңызы қанша? Жүйеде өзгеріс ізі қалмаса, хакер екенін қалай дәлелдейді?

    Жалпы, хакерлерден – genius жасап, данышпан тәжін кигізген 90 жылдардың «принциптері» екен. Кейін шұқыма ұзақ отырысқа шыдайтын кез келген ақымақтың бірдеңе бұзатынына әлемдік IT- қоғамдастықтың көзі жетті ғой.
    Уақытынан өте кеш жарияланған дүние екен.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: