Күліп қой да, өте шық немесе мерекелік сый


Жеңіліс пен сәтсіздікке бетпе-бет келсең, күліп қой да, өте шық. Бұл бір түрлі үмітті сенімнің бейнесі, соңынан жігеріңді жина, ол сенің батырлығың.
Түсініспеушілік пен өшпенділікке бетпе-бет келсең, күліп қой да, өте шық. Бұл бір түрлі кеңдіктің бейнесі, соңынан өз азаматтығыңды сақта, ол сенің сабаздығыңның белгісі.
Мақтау мен марапатқа бетпе-бет келсең, күліп қой да, өте шық. Бұл бір түрлі сергек кішпейілділіктің бейнесі, соңынан алға басуды доғарма, ол жақсылықтың нышаны.
Уайым мен қайғыға бетпе-бет келсең, күліп қой да, өте шық. Бұл бір түрлі көңіл орнықтырудың жолы, соңынан құлшына оны жоғалтудың қамына кіріс, ол тек қана шекарасы бар дүние ғана, әлем кең.
Жеңіліс пен сәтсіздікке ұшырағанда, тек сіздің күлуге батылыңыз жетсе болғаны; түсініспеушілік пен өшпенділікке тап болғанда, тек сен кеңдіктің бодауын бере алсаң болғаны; Мақтау мен марапат мезеттік нәрсе, тек сен сеніп қалмасаң болғаны; Уайым мен қайғы да уақыттық қана, тек одан жеңілмесең болғаны; Өмір өз арнасынмен жүре береді. Батырлық жігерді сақтау көп кісінің маңдайына жазылмаған. Қарлы боран артынан жылымық көктем келер, үмітті шұғылаға жалғасар, күн сәулесі әрқашан дауылдан кейін ғана жарқырай түспек. Теңіз толқиды, бұлт буырқанады, тар аяда сенімді қадам бар, ұлы жеңістің бұрқасыны да жеңіл болмас, орта жолдағы теңіз соққысы жан шыдатпас, алда жеңістің жағалауы. Өткен күннің тәтті елесіне махаббат байлай берме, кешегі бақытты күнді ойлап мұңға батушы болма, адам өміріндегі жоғалту мен табуды шатастыра берме, ертеңгі ауарайынан алаңдама. Тек алға қарай қадам басуды таңдаған екенсің оның ыстық-суығнан тайынба, күлімсірей жүріп барлығын да ұзатып сал, олардың сенің көзіңе шел болып жабысуына жол берме. Бүгінгі қайғың ертеңі бақытыңды белгілемесін, кішкентай табыстар ұлы бағытыңнан жаңылдырмасын, көз алдағы сәтсіздіктерің болашақтағы мол жетістігіңнің тамырын қимасын, өйткені, тұман күн көзін көлегейлей алмайды, шынымен де, мүлдем бүркей алмайды. Жаңылған жұлдызыңа бол жылай беруге де болмайды, өйпегенде алдан туар айыңнан адасасың. Ойласаң бәрі де өткінші екен, ендеше неге күліп қойым өте шықпасқа, неге қайта басынан бастамасқа.
Күнделікті тіршілігіміздегі сәттіліктер мен сәтсіздіктер бейне реңі ұқсамаған шарлар сияқты, мейлі қаншама жақсы көрінсе де, жаман көрінсе де күндердің бір күнінде шар жарылады да ол көңілсіздікке қарай жетелейді, өзің қимылдап бәрін ретке келтіргенге не жетсін?! Қарапайым ғана жолмен арманыңды қуа бер. Сәулеліліктің солғындайтын күні болды, біздің жанымыз да сарабдалдыққа үйрене бастайды. Адам өмірі жылып аққан өзен сияқты, сенімі лықсыған. Жымиыс та бір шоқ гүл сияқты, арнаға қарай жақындаудың қуанышын сыйлайды.
Біз әдемі гүл мен тікенектің қосағын жоққа шығармауымыз керек, жеңіс пен жеңілістің қатар жүретінін тіпті де жоққа шығаруға болмайды! Адам өмірі бір қалыпта тұрмайды. Олай болса күліп қой да жолға шыға бер, өзіңді қайғылы да, бақытты да сезіне алсаң міне бұл күліп қойып өте шығудың құдірет күші бомақ.
Адам өмірінде көптеген мүмкіндер болады, мүмкін махаббат болған болар, мүмкін қателескен болар, сол өмірге қайталай көз жіберіп көрсеңіз, тек қана өзгермейтін сағынышықа толы ыстық жүректі көре аласыз!

  
————————————-
Жазбаның түпнұсқасы:

一笑而过

面对失败和挫折,一笑而过是一种乐观自信,然后重整旗鼓,这是一种勇气。
面对误解和仇恨,一笑而过是一种坦然宽容,然后保持本色,这是一种达观。
面对赞扬和激励,一笑而过是一种谦虚清醒,然后不断进取,这是一种如意。
面对烦恼和忧愁,一笑而过是一种平和释然,然后努力化解,这是一种境界。
失败和挫折暂时的,只要你敢于微笑;误解和仇恨是暂时的,只要你达观代之;赞扬和激励。是暂时的,只要你不耽于梦想;烦恼和忧愁是暂时的,只要不被它左 右。大海茫茫百舸争流。不拒众流方为英雄本色。风雨欲来春花凋落,凭栏眺望,阳光总在风雨后。潮涨潮落,云卷云舒,闲庭信步,高挂前进的风帆,到中流击水 浪遏飞舟,前方就是成功的彼岸。
别再留恋破碎的旧梦,别再沉迷于往日的幸福光环,别再计较人生的得失,别再担忧明天的天气。既然选择了前进就只管风雨兼程,微笑送走不愉快的乌云,不要让 他们遮住你的眼睛。不要因为今天的痛苦而否定明天的幸福,不要因为微小的成功而迷失方向,不要因为眼前风雨而否定明天的阳光,因为乌云是遮不住太阳 的,是的,遮不住的!也不要因为错过星星而哭泣,否则我们会错过月亮。 既然这一切都是暂时的,我们为什么不一笑而过,从头再来。
生活中罩在我们头上的光环和不如意的事情就像颜色不一的气泡,不论多么好看或难看,总有一天它会破灭与其盯者不开心东西,不如活动手脚,舒展自己的笑脸, 实实在在的为着理想而追求。这时候光环会变虚,我们的心灵则会因为不懈的追求和微笑慢慢的充实起来。人生就像一条缓缓流动的河流,充实的自信;微笑旧像一 朵朵翻腾的浪花,带给我们进去的乐趣。
我们不能否认鲜花与荆刺相伴,也不能否认成功与失败并存!人生不如意之时常一二,明媚之日常八九。那就一笑而过轻松上路吧,能够使自己忧伤,也能够使自己快乐,这就是一笑而过的力量。
  人生旅途中有太多的或许,或许曾经爱过,或许曾经错过,然而漠然回首,依然不变的是思念的心!

Мерекелік сый! Әрқашан күліп қойып, өте беріңіздер! 🙂

Жазба қайнары: «Оқырман» журналы
Қытайшадан аударған: Мейіржан Әуелханұлы

Advertisements

About kazprose

Қазақ елі аман болсын!

Posted on 2010/12/16, in "Қазақ" газеті, Бір мың тоғыз жүз сексен алты, Журналистика, Киіз кітап, Махаббат қызық мол жылдар, Тез басында қисық ағаш..., Тұлға, Өмір. Bookmark the permalink. 1 пікір.

  1. әдемі жазылған! Рахмет!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: