Шабыт қайдан келеді?


Менің қытай тілінде оқитын сүйікті журналым «Оқырман»(«读者») деп аталады. Адамның өмірінен және тіршіліктің шырқаулы сәттерінен шабыт алар тұсты керекмет қиуластыра жазатын қысқа-нұсқа жазбалары мені қызықтырады. Бірде мынадай әңгіме оқыдым: « Үлкен қаладағы белді университеттердің бірінде оқитын студент жігіт бір ақшалы байдың үйін ақтап беруге келіпті. Үй иесі тапсырма беріп өз жұмысына кетеді. Жігіт те қызыметіне кіріседі. Үйдің бір қабырғасын ақтап болған ол, келесі қабырғасын да асықпай, аспай-саспай ыждағатпен ақтап шығады. Екінші қабырғасын болғасын, айналып барып бірінші қабырғасына қараса, ол әлдеқашан кеуіп кетіпті де, бұл жерінің реңі енді тәмәмдаған қабырғасынан өзгаше болып қалыпты. Сасып қалған ол, бірінші қабырғаны қайтадан ақтай бастайды. Алаңғасарланып жүргенде, үй иесінің берген материялы таусылады да, өз ақшасына сатып әкеліп тағы ақтауға кіріседі. Үшінші, төртінші қабырғалары да дәл бағанағы жағдайдың күйін кешіреді. Үй иесі келгесін, ол отағасына мән-жайды түсіндіреді де, қалғанын ертесі келіп жалғастыратынын айтып жатақханасына қайтады. Ертеңінде ол кешегі күйін тағы бірнеше жол қайталап, әбден зықысы шығады. Үй иесі балаң жігіттің шөгелдігін көріп оған дән риза болады. Жігіттің өзіне тапсырылған әрқандай бір істі аяғына алып шықпай қоймайтынына оның осы кішкентай жұмысынан-ақ көзі жетіп, бағалай білген ол студент бозбаланы өз компаниясына жұмысқа алады. Сол студент кейін әлемдегі ең ірі байларының қатарына кіріп, табысты да, жеңісті жанға айналады.»
Әңгіме осындай шағын. Оның шабыты кісіні шөгел, мұқият, тырысшаң болуға шақырады. Ұлттың ұлық мерекесі мерейлі болсын! Барлықтарыңызға дәл осындай сәтті жол, игі баспалдақ тілеймін.

Advertisements

About kazprose

Қазақ елі аман болсын!

Posted on 2010/12/16, in "Қазақ" газеті, Ақша табудың айласы, Бір мың тоғыз жүз сексен алты, Еркек құпиясы, Киіз кітап, университет өмірінен. Bookmark the permalink. 3 пікір.

  1. Шөгел – ыждағатты, мұқият, ұқыпты деген сөз

  2. «шөгел» деген не деген соз?

  3. Әңгіменің айтпағы мықты болғанымен мысалы онша емес екен:).
    Себебі қабырғаны бояғанда тез боямаса түстері әртүсті болып қалуы заңдылық, сол уақытта күннің түсуі, кебу процессінің тездігі бәрі әсер етеді. Ол жігіт асықпай саспай бояп жүрсе әртүрлі боп қалғаны табиғи нәрсе:)))).
    Ал бірақ негізгі идея, ыждаһаттылықпен жасаған нәрсе арқашан де жемісін береді. Талаптан, талаптан ар жағы Аллаһтан

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: