Қазақстандағы оралмандардың жағдайы шетелдегі қазақтарға қалай әсер етеді

Шетелдегі  қазақтардың  Қазақ  еліне  көзқарасын  ресми  билік  атқарған  ауқымды  шаралардан  гөрі, жайшылықта  келімді-кетімді   «Қыдырмаштардың» әңгімесі белгілеп  жатады. Әрине, ауылдағы  қарапайым  қазаққа  ұлттық  мақтаныш  пен  мемлекеттік  деңгейде  атқарылып  жатқан  шаралар  қаз-қалпында  жете  бермейтіні  анық. Алматы  мен  Астана  және  Қазақстанның  басқа  да  облыстарындағы  оралмандар  айналасында  қылмыстық  оқиғалар  жиі  туыла  бастады. Бұл  оқиға  туралы  әңгіме олардың  көшіп  келген  ауылына  күн  айналып, ай  аттамай  жатып  жетіп  үлгереді. Бұл  үрдіс  соңғы  кезде  тіпті  де  кәріне  мініп, қызулы  болып  алғаны  жан  қынжылтады. Бұл  тек  қылмыстық  оқиғалар  төңірегінде  ғана  емес, табиғи  апаттар  мен  әлеуметтік  теңсіздік, қағазбастылық, жемқорлық, орыстілділік  жағынан  да  үлкен  реніштер  туғызып  жатқаны  бар. Басқа  қазақ  жастарын  қайдам, Қазақстанда  оқып  жатқан  оралман  студенттердің  жаздық  демалыстағы  ауылға  сапары  елді(Қазақстанды) ақтаумен, өздерінен  бұрын  ауылдарына  жетіп  алған  өсек-аяңның    жалғандығын  дәлелдеумен  өтеді. «Ойбай, Қазақстанға  бармаңдар! Көшеде  жүрген  адамды  ұстап  алып  пышақтап  кетеді  екен», «Қызылағашта бүкіл елді  суға  ағызып  жіберіп, сүйектерін  де  бермей  қойыпты», «Алматыда өлген адамның  мүрдесін  алып  кетсе, қайтадан  бірнеше  мың  долларға  сатып  алады  екенсің, оның  дене  мүшелерін  алып  қалады  екен», Байып  бара  жатсаң  қора-жайыңды  өртеп  кетеді  екен» деген сияқты  т.т әңгімелер гүлеп  жүреді.
Бұл үрдіс  шеттегі  қазақтардың  атажұртындағы  Атазаңына  деген сенімдерін  төмендетіп, көшуге  бейімделу  райынан  қайтарады. Алып  қашпа  әңгіменің  және  елдегі  кейбір  келеңсіз  жағдайлардың, бұл  – бірінші кері  әсері. Екіншіден, соңғы  кездері  қоғамдық  ортада  белсенділігімен  көзге  түсе  бастаған, елдің  саяси  жүйесіне  өзіндік  көзқарас, азаматтық  пікірін  ашық  айтып  жүрген  оралман  жастардың  соққыға  жығылып, пышақталып  жатуы  Қазақ  қоғамына  деген сенімсіздік  пен  шеттегі  элитаның  тарихи  отанға  қарай  ат басын  бұруына, оқыған, білікті  жастардың  ертерек  елге  келуіне  кесірін  тигізіп  жатыр.
Қорта  айтқанда, Мұстафа  Өзтүріктің  жұмбақ  өлімінен  тартып  жоғардағы  біз  қозғап  отырған  мәселелердің  барлығы  көңілге  мұң, көзге  қорқыныш  ұялатады. Ұлттың  бойындағы  көре  алмаушылық  тектес  мерез  мінездердің  трагедиясы  осындайда  көрінсе, ақыр  түбі  іштей  медеу  көрген  жалғыз  отан  аман  болсын  деген игі  ойға  тұрақтаудан  басқа  амал  да жоқ  оларда.

Advertisements

About kazprose

Қазақ елі аман болсын!

Posted on 2010/12/21, in "Қазақ" газеті, Журналистика, Киіз кітап, Тез басында қисық ағаш..., Қазақ жайы and tagged , , . Bookmark the permalink. 4 пікір.

  1. 1993 жылы Өскеменің жергілікті қазағы- қазақтарға қайдағы егемен қайдағы тәуелсіздік сендер мына жақтан не іздеп журсіңдер -деген сөзді өз қулағымен естіп келген әкем.Көшу райынан қайттыда сол қалпы қазақ жері не жету деген Баба арманын түншықтырып бақыйлық болды.
    Ауыл ақсақладарына- менің балалар мен бауырдарым бәрі еркін өскен ана жаққа барып қайсының аузын жабам ана итен туған жетесіз немедерге барып кунде төбелсесіп журсе не жандары қалады әзіоше осы жақта болайық деп айтыпты деп отарды досым менің

    Мейіржан Әуелханұлы Өтен орынды сауал жолдағынсың Шетен келген ағайынға байып бара жатса өртеп жібереді деген қаңқу сөз емес шындық еді ….Доңыздан туған шата немелер орыстың не бір құйтырқы змияндығын уғып өскен шала қазақтар Шетен келген ағайынынң талай қора қашасын өртегенін өз құлағымен естідім ғой….
    Бұл жерде мәселені жергілікті қазақтардың бойындағы сайқал мінезді жөндеу жайлы,қазақи дарқан кең пеиіл мінезді жандандыру м әселе әнгімелерді өрбіту керек.
    Билікпен пен оның ит сияқты орыстың бұтының астына кіріп кете жаздаған жалтақой әкімшілігі Шеттен келген оралмандарды еш әкімшілік жумстарға тартпады..Қайта оларды шет қақпайлап сенбестік танытып қой бақтырыу пактілері қатты орын алды ….
    Бұл шеттегі қазақтың ата жұртқа оның сайқал саясатына деген сеніміне кірбің туғызды.

    Шеттен келген қазақтарды қазағы бар емес Орысы көп жерлерге апарып тастау саясаты негізі мақсаты дұрыс болғанмен Қазақстанды әлі отарлап ауздарына орыс тілімен сиіп отырған орыстар шеттен келген бір жарым оралмандарды қайдан сіңдіре қойсын..қайта айтақтап оларды жергілікті қазақпен оралман қазақтардың арасына от сап қырлыстырып қойды..
    Елдің бәрі көсем еместе елдің бәрі наданда емес… бірақ қазақпыз ғой сол шымшыма өсеке тез еріп ұиренген қазақ ит қудырып айтақтап бердік..Сеінң жазып оытрғаның тек қазақтар арасындағы өсектер емес соларды айтақтап отырған боданшылдарды ауздықтаудыда естен шығармаған жөн бұл жәи өсек сияқты болғаны мен жан жақты зерделеитін ауқымды мәселе?!!!

  1. Қайтарма үнқосу: neweurasia.net » So This is Our National Security?

  2. Қайтарма үнқосу: neweurasia.net » Это и есть национальная безопасность Казахстана?

  3. Қайтарма үнқосу: Neweurasia – Kazakhstan » Қазақ елінің ұлттық қауіпсіздігі дегені осы ма?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: