Қасқыр мен арыстанның қайсысын таңдайсың?

Жаратушы екі топ қойды жайылымға жіберіпті, бір тобын түстікке, бір тобын терістікке. Жаратушы тағы екі топ қойға екі түрлі ата жуларын қоса жіберетінін аңдатыпты. Оның бірі арыстан, бірі қасқыр. Жаратушы қойларға былай депті:«Егер сендер қасқырды алсаңдар, мен тек бір қасқыр жіберемін, қасқыр сендерді кез-келген уақытта жей береді; егер сендер арыстан аламыз десеңдер, екі арыстан жіберемін, бірақ, біреуі менің қасымда болады, сендер кез-келген уақытта екі арыстанның орындарын алмастыра аласыңдар», депті. Түстіктегі қойлар «Арыстан қасқырға қарағанда жыртқыш, біз қасқырды таңдайық!» деген шешімге келіпті де, қасекеңді таңдапты. Қасқыр түстіктегі қойлар арасына келгеннен кейін, қойларды жей бастапты. Қасекең өзі кішкентай, азықты да аз жейтін болғандықтан бір тартқан қойы бірнеше күнге жетіп жүріпті. Осылайша қойлар тек күр аралатып қана шығынға ұшырап отырыпты.
Ал, терістіктегі қойлар біреуін жаратушының қасына қалдыпты да, бір арыстанды таңдап алыпты. Әлгі арыстан қойлар арасына кірісімен, жануарларды оңды-солды қыра бастапты. Арыстанның дүлей жыртқыштығы қасқырдан асып түіп қана қоймай, оның тәбеті де сұрапыл болып шығып, күн сайын бір қойды қылғып салып отырыпты. Қойлар әр күн сайын қырғынға түсе бастағаннан кейін, жүректері дірілдеп, әлгі арыстанды жаратушының қасындағы тағы бірне ауыстыра қойыпты. Ойламаған жерден, құдайының құзырында жата-жата аштан бұралған келесі арыстан біріншісінен асып түсіп, қойлар тобырын қан-жоса қылудан бас алмапты.
Түстіктегі қойлар өздерінің ата жауды дұрыс таңдағанына мәз болып, терістіктегі қойларды «көздері жоқ» деп мазақтап күле бастапты. Терістіктегі қойлар болса екі арыстанды тынбай алмастырумен болыпты. Алайда, екі арыстанның жыртқыштығы бір-бірінен аса түсіп жатыпты. Қай арыстан келмесе де бейнетті азаптарынан арылмапты. Ақыр бір күні нар тәуекел деп арыстандарды ауыстырмауға бел буған қойлар, өз араларындағы бір арыстанның жемі болып, соны семіртіп, ал, келесі бірін аштан бұралтып қойыпты. Жаратушы қасындағы арыстан аштан өлер болғанда барып, келесі бірін алдыртыпты. Ұзақ уақыттың аштықтан кейін барып, өзі қанша күшті болса да, өз тағдырының бәрібір осы қойлардың қолында екендігін білген арыстан, қойлар тобырына әдепті де, ибалы жөннің ретін айтып, яғни, тек өздігінен өлген қойлар мен ауыру қойларды жейтіндігін білдіріпті.
Қуаныштары қойындарына симаған қойлар рзалықтарын біліріп жатса, тоқтылар мен қозылар осы арыстан арамызда жүре берсінге дейін барыпты. Бір кәрі қошқар оларға басу айтып:« мына арық арыстан біздің оны қайтадан жаратушының қасына жіберуімізден қорқып қана осылай істеп отыр» депті. Қойлар тобыры оның айтқанын жөн санап, тағы бір арыстанды аштан өлтірмеу үшін, оны табан астында ауыстырып жіберіпті. Семіріп, жуандап алған әлгі арыстан да өз тағдырын осы қойлар шешетіндігін түсініп, кең сахарада көбірек өмір сүру үшін, қойлар тобырына жақсы қарай бастапты.
Ал, жаратушы қасына кеткен арыстанның көз жасы көл болыпты. Дәл осы күндерден бастап, терістік жақтағы қойлардың халі қат-қабат қиыншылықтардан кейін еркін, қорқынышсыз өмірге ауыса бастайды.
Анау түстік жақтағы қойлардың жағдайы болса күннен-күнге нашарлай бастайды. Бұл жақта қасқырға жау болар, тең түсер ешкім болмағасын, ол ай аунаған сайын араны ашылып, күніне оншақты қойды жеп қоятын болады. Түстіктегі қойлар іштерінен: «мұны ерте білгенде, екі арыстанды біз алар едік қой» деп міңгірлей бастапты.
Бұл өтттте оңай талғам. Менің мың рет өз басымнан өткізген тәжірибеме негізделгенде, көптеген адам арыстанды таңдайды, ал, біз қытайлықтар жөнінен алғанда, көптеген адамдар қасқырды таңдаған болар еді(ішінде өзім де бар).
Бірдеңе түсіндің бе? Егер сен өз қуанышыңның тамыры тек басқалардың еңбегі арқылы келіп жатқанын білгенде, сен осы уақыттан бастан күлкіңнен айырласың. Өйткені, сен басқалардың қас-қабағына қарап, ығына жығылуың керек болды, сенің мәнді өміріңнің шірік тамырына айналады ол. Сен өз қуанышыңды сыйлайтын қайнарды сезіне алғаннан күннен бастап, онда сен әрқашан пәни бақытының ортасына жүрген адам болып есептелесің!
«Сен» өз бақытыңды белгілей алатын бірден-бір адамсың!

———————————————–
Авторы: Сұң Лин
Қайнар: «Ойлар орманы» журналы
Аударған: kazprose

Сурет: Жазба түпнұсқасынан

Advertisements

About kazprose

Қазақ елі аман болсын!

Posted on 2010/12/27, in Журналистика, Киіз кітап, Әлем әдебиеті, Қытай тілін үйрену, Өмір and tagged , , , , , . Bookmark the permalink. Пікір қалдыру.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: