Әкенің ұлына айтқан 10 ауыз сөзі


1. Ұлым, сұлу әйелге сүйсінем деп жанарыңды жоғары көтерме, өзіңдікі емес сұлуға сұқтана қарау жараспайды. Көп адамды әйелдің сұлулығы құртқан, өйткені сұлудың махаббаты күл қылып күйдіріп жіберетін жалын іспетті.
2. Ұлым, ақылдыға ілессең, адаспайсың; ақымаққа ілесіп, ақыл қоспайсың.
3. Ұлым, ағашты бұтағы мен жемісі, ал, тауды қалың орман қалай көркейтсе, еркекті балалары мен әйелі солай көркейтеті. Бауырлары да, әйелі де, ұлдары жоқ адамды жаулары көзге ілмейді. Ол жол айрығына өске ағаш сияқты, әр өткен адам жемісін жұлып әкетеді, әрбір аң даладағы әр қабығын бір тістеп өтеді.
4. Ұлым, тәтті тілмен сөйле, аузыңнан шыққан сөзің жылы болсын. Ит құйрығын бұлаңдатса тамақ жейтінін, абалап үрсе таяқ жейтінін есіңе сақта.
5. Ұлым, кейін кеудемді бассын демесең, жақыныңа аяғыңды бастырма.
6. Ұлым, алыстағы бауырыңнан қасыңдағы досың жақсы. Ажарлы болғаныңнан жақсы атыңның шаққаны артық. Өйткені, жақсы атың мәңгі қалады, ажарың таяды, жоғалады.
7. Ұлым, достарың өзіңнен безіп кетпесін десең әкеңнің достарынан өзің де алыстап кетпе.
8. Ұлым, адамдар өз-өзімен таласып жатқан жерге жолама. Өйткені, талас көп жағдайда кісі өліміне себеп болады.
9. Ұлым, өзіңнен үлкен кісіні көргенде, құрмет қылып орныңнан түрегел.
10. Ұлым, егер сен: «Қайтсем ақылды болам?» деп жүрегіңмен қиналсаң, мынаны біл, аузыңнан жалған сөз шықпайтын болсын, қолыңды ұрлықтан ти, сонда ақыл кіреді.

Ақпарат көзі: «Күлтегін» сайты

Advertisements

About kazprose

Қазақ елі аман болсын!

Posted on 2010/12/30, in "Қазақ" газеті, Еркек құпиясы, Журналистика, Киіз кітап, Тез басында қисық ағаш..., жастар өмірі, Қазақ жайы, Өмір and tagged , , , . Bookmark the permalink. 5 пікір.

  1. Гүлназ

    Қазіргі уақытта осындай ұлағатты сөздер айтатын адамдар жоғалғанмен,осындай тәлім-тәрбиесі көп сайттардың барына мен куанып отырмын.Осындай сайттарды ашып, қарап,көңіліне түйетін жастар болса тіпті де керемет болар еді!

  2. Жаман емес! бірак казыр ондай соз айтатын адамдар калган жок !

  3. Жақсы айтылған сөздер екен, қай кітаптан алдыңыз?

  4. Тәрбиелік мәні бар,ұлағатты.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: