Жолың болсын ақеділ орыс немесе ол қазақ тілінен қорықты ма?

Жаңа жылдың демалыс күндерінде Алматыда қоғамдық көліктердің бәрі жүрмей, баратын-келетін жерлерге такси жалдап «пырлдауға» тура келді. Ауылдан келіп, Сайран автобекетінен шықтым да, жол шетіне тұра қалдым. Ішімнен көше автобустарды сыбап қоям. Көшеде көлік те аз екен. Бір Toyota сырғып кеп тоқтады.
– Куда?
– Казгу.
– Сколька?
– Бес жүз.
Орысшам жырғап тұрған жоқ. Сонда да отырып алдым. Ойымда жолдағы Центркредит банкоматтарының біріне тоқтатып теңге шығарып алу бар.
– Центркредиттің банкоматына тоқтайсыз ғой…
– …
Жүргізушім үндеген жоқ. Көзін үлкен ашып айна жақтан маған үңіле бір қарап қойды да, отыра берді.
ҚазҰУ-дің алдыңғы аялдамасына келіп тоқтадық.
– Ағасы, күте тұрасыз ғой, мен жүгіріп барып жолақыңызды әкеліп берейін. Мынау менің құжаттарым, сізде тұра тұрсын. Қазір келгесін алам.
– … – ағам бірдеңе деді. Айтқанын түсінбесем де көзінен шарасыздық көрініп тұрды. Қолына ұстата берген дүниелерімді кері итерді. Мен қазақшалап, ол орысшалап сайрап жатырмыз. Бір жағынан мына жағдайға ішімнен күлкі қысып барады.
– Онда сіз осы арада күте тұрыңыз, мен дереу келем.
– …
Тиын-тебенімді алып қайта келсем «көк көз» ағам жоқ. Жоғары жаққа таман барып қарап ем, онда да көрінбеді. Ақшасын бермей қашып кеткендей боп, жүйкемді жайсыз сезімдер билеп алды. Бәлкім, көлігін төмен қарай бұрып әкелу үшін Шашкин көшесі жаққа кеткен болар деп тағы біраз уақыт күтіп тұрдым. Ақыры көрінбеді. Күбірлеп:« Жолың болсын ақеділ орыс!» дедім. Ол менің қазақша сөйлеп тұрып алғанымнан қорықты ма деген ой сап ете қалды. Бұл әбден мүмкін ғой… Немесе орысша білмейтін қазаққа тұңғыш кезігіп, таң қалып, мені қашып кеттіге балап, күдерін үзіп кеткен болар. Әйтеуір, ол орыстың жай кетпегенін түйдім.

Advertisements

About kazprose

Қазақ елі аман болсын!

Posted on 2011/01/10, in "Қазақ" газеті, Kazprose, Өмір and tagged , , , , . Bookmark the permalink. 4 пікір.

  1. О жаксы екен тегин жетудин бирден бир жолы хехехехехех

  2. хахаха бірден күдікті ойлмай ақ қойсаш:))))

  3. Міне ҚАЗАҚ тілінің пайдасы!!

  4. енді ақша беремін дегенді қай тілде болса да түсінуге болатын сияқты. Сосын құжаттарыңды беріп жатсаң, түсіну керек еді. Мүмкін: «Жаңа жылың құтты болсын, бауырым! Тегін жеткізіп салғаным саған бір сыйлық болсын, енді жыл бойы таксимен тегін жүретін бол!» деген шығар 🙂

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: