Қазақ айтысы қара нарынан айырылды

[/caption]

Қазақ айтыс өнері қара нарынан айырылды. Килеі өнердің атасы ретінде ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басындағы айтыстың айшықты үлгісін жасап, үлкен мектепке айналған ақсақалымыз Құрманбек Зейтінғазыұлы дүниеден озды. 1977 жылдан бастап айтыс саханасынан түспей келе жатқан ақын жарты ғасырға тілін тістеген айтыс өнерінің тамырына қан жүгіртіп, өнер өлкесін жандандыруға үлкен үлес қосқан тұлға. «Халқымның қазыналы өнерін өлтірмей, бүгінгі ұрпақ еншісіне аман-есен тапсыруды мұрат еттім» – деген аталы сөз қалдырған-тұғын ақынның өзі.

Кұрманбек пен Жамалқан, 2010 жылы өткен ШҰАР айтыста

Кұрманбек пен Жамалқан, 2010 жылы өткен ШҰАР айтыста

Осы еңбектері үшін Қ.Зейтінғазыұлы 2010 жылы өткен ҚХР Шинжиаң 3-кезекті Ақындар айтысында «Ақындар айтысының өмірлік табыс сыйлығының» сахибы атанды. Ақын туралы Әділ Семейханұлы өзінің «Құрманбек биігі» атты мақаласында: «Шынын айтқанда, Құрманбек – әрі оқылған, әрі оқылмаған кітап. Оқылғаны – ол көп айтыс жасады, елдің бәрі оқыды, жаттап алды, сұрасаң ″мықты ақын″ дейді. Ал, оқылмағаны – Құрманбек жөнінде бірталай сөздер айтылса да, өлеңдерін талдау, оған шолу жаса сияқты шағын формадан ары барған жоқ. Мәндік көзқарастар ортаға түспеді. Яғни, Құрманбек жөніндегі зерттеу тереңдеген жоқ.» – дейді. Ал, енді бір сөзінде Ә.Семейханұлы:« Осы заман айтыс тарихын Құрманбек Зейтінғазыұлынсыз елестету қыйын. Ақын – дәуір перезенті делінсе, әрине, сол дәуірдің тыныс-тіршілігі оның жасампаздығына арқау болуға тиіс» – дей келіп, 2006 жылы Шіңгіл ауданында өткен Құрманбек жасампаздығын зерттеу жөніндегі ғылыми талқыда Шинжиаң саяси кеңесінің бұрынғы төрағасы Жәнәбіл Сымағұлұлының:« Құрманбек қанша өлең айтты, қанша сыйлық алды, қанша әріптесін жеңді, халыққа ол керек емес, керегі өлеңде қаншалық нәр бар, ұрпаққа ой саларлық салмақ бар ма?.. Соңына халықтың қара өлеңі секілді ғасырдан ғасыр аттап, өлмей, өшпей, ұрпақтар көңілінде сақталар жақұт жырлар қалдыра алды ма? Міне осы керек.» – деген сөзін алға тартады.

Марқұмның жаназасына бес мыңнан артық адам жиналған…

Марқұмның жаназасы

Марқұмның жаназасы

Ақынның  өлең  ғұмыры  туралы  Әділ  Семейханұлының  «Құрманбек биігі» мақаласы.

Суреттер: «Сен  – қазақ» сайты  және  «Шинжиаң» газеті  тілшісі  Қалиякбар  Үсемқанұлының  жекелік  қорынан

Advertisements

About kazprose

Қазақ елі аман болсын!

Posted on 2011/01/10, in "Қазақ" газеті, Жедел ақпарат, Журналистика, Киіз кітап, Тұлға, Қазақ жайы, Өмір and tagged , , , . Bookmark the permalink. 1 пікір.

  1. мықты ақынымыздан аиырылдық.ор алтаидың мұзбалақ ақыны еды.
    жатқан жеры жаннатта болғаи !!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: