Monthly Archives: Ақпан 2011

«Бір уыс топырақ»

«Бір уыс топырақ» — бұл ұғым санамнан әрқашан өшпейді. Өйткені, туған жерді аңсаған әрбір жан сол мекенге сағынышын кіндік қаны тамған топырағын аңсаумен бірге жүрегіндегі сағынышты әнмен де жеткізеді ғой.

Бұл бейнебаян қаранөпір қытайлар арасында оқып жатқан қазақтың қарадомалақтарының өмірінен бір үзік сыр шертеді. Алда отырған қытай оқытушысы да қыстығып шыққан дауыстың ақындар айтысы болса, кең сахара болса мұнан да табиғи, мұнан да тынысты шығатынын айтып шәкірттеріне дем беріп жатыр… «Алтайдың ар жағынан келген ару» әні үдеп, барша дауысқа ұласып, шарықтап кетеді… бұл үн тектен-текке лықсып, арнасынан асып, көңілге сәуле, көзге нұр сыйлап тұрған жоқ. Бұл тілде сөйлеген әрбір жан, бұл әнді шырқап, ыңылдап айтақн барлық кісі теңіздің ортасындағы бір-бір арал сияқты. Бір күні дауыл тұрып, мұхит толқындары шарпысқанда титімдей ғана ол аралдар су астындағы жартастарға айналуы әбден мүмкін…

Advertisements

Қ.Шабданұлы әрқандай сыйлықтан биік

Қ.Шабданұлы

Қ.Шабданұлы

2011 жылы ақпанның 15-ы күні 40 жыл өмірін түрме азабында өткізген Қытайдағы белгілі жазушы, қазақ әдебиеті тарихынада елеулі құбылыс болып саналған 6 томдық «Қылмыс» романының авторы Қажғұмар Шабданұлы өмірден озды. Қ.Шабданұлы 1925 жылы дүниеге келіп, 7 жасында тарихи қуғын-сүргін мен ашаршылық кезеңіне тұспа-тұс келген Шабдан отбасы шекара асып, қазіргі ҚХР Тарбағатай аймағына барып қоныстанған. ХХ ғасырдың 60-жылдары көтерілген Мәдениет зор төңкерісі атты саяси аласапыранның және «оңшыл», «солшыл» деген жалалардың құрбаны болған жазушының айдау мен түрме тарихы осылай басталады. 1980 жылы ақталып Қ.Шабданұлы 1986 жылы Совет одағының тыңшысы деген желеумен 15 жылға түрмеге қайта тоғытылып, күні кешеге дейін үйқамақта болып келген. Read the rest of this entry

Арыстарымды қайда апарасың, қоян жылы?

Бүгін тағы бір қаралы хабар естіп қара қабырғамыз қайысып отыр. Қазақ руханиятына өшпес іздерін қалдырып, «Махаббат қызық мол жылдар», «Ақиқат пен аңыз» сынды қайталанбас сүбелі шығармаларымен әдебиет тарихынан ойып орын алған жазушымыз Әзілхан Нұршайықов дүниеден озды. Осыдан бұрын Қадыр атамыз, Құдайберген Сұлтанбаев, Өтежан Нұрғалиев, Хадиша Бөкеева, Роза Бағланова сынды қазақтың бір туар арыс ұлдары мен қыздары арт-артынан бақиға аттанып жатты. Қоян жылы, арыстарымызды қайда апарасың?

Бүркіттің жасына байланысты атаулар

Бүркіттің жасына байланысты атауларды бірде жер-көктен іздеп таппай қойғаным бар еді. Бұл атаулардың қайдан шыққаны туралы мәліметтерді кейін қолыма түскенде шығарып қоярмын. Қазірше осы.

1. Балапан
2. Тірнек
3. Тастүлек
4. Ана
5. Қана
6. Жана
7. Мұзбалақ
8. Көктүбіт
9. Майтүбіт
10. Барқын
11. Баршын
12. Шүгел

Ескерту: рет номері бүркіттің жасымен сәйкес

Блогы бардың – жүрегі бар

Блог Құрылтай

Блог Құрылтай


Блогты қайдам, екінің бірі сайт құрып алатын заманда. Оқырман қазақша(орысша, ағылшынша) сайттарға, әлеуметтік желілерге не үшін шығады? Меніңше адамдар басқа оқырманның жекелік көзқарастарына ортақтасу үшін әлеуметтік желілерге қосылады. Ендеше оқырманның пікірі жеке тұлғаларға не үшін қажет? Өйткені, қоғам әрбір жекенің көзқарасынан қаланған биік дуалдың ішінде қалыптасып, дамитынын, өзінен басқа адамдарды не нәрсенің алаңдататынын білгісі келетін шығар.
Read the rest of this entry

Азиадада басы жоқ спортшы қайдан жүр?

http://www.astana-almaty2011.kz сайтының бас бетіндегі спортшының басы жоқ. Бүкіл әлем көрермендерін ақпаратпен қамтамасыз ететін сайтқа мұндай сурет қоймау керек еді. Бірақ, болары болды, бояуы сіңді.

Сурет: Азиаданың ресми сайтынан

Шайырдың жанды дауысы

%d bloggers like this: