Қ.Шабданұлы әрқандай сыйлықтан биік

Қ.Шабданұлы

Қ.Шабданұлы

2011 жылы ақпанның 15-ы күні 40 жыл өмірін түрме азабында өткізген Қытайдағы белгілі жазушы, қазақ әдебиеті тарихынада елеулі құбылыс болып саналған 6 томдық «Қылмыс» романының авторы Қажғұмар Шабданұлы өмірден озды. Қ.Шабданұлы 1925 жылы дүниеге келіп, 7 жасында тарихи қуғын-сүргін мен ашаршылық кезеңіне тұспа-тұс келген Шабдан отбасы шекара асып, қазіргі ҚХР Тарбағатай аймағына барып қоныстанған. ХХ ғасырдың 60-жылдары көтерілген Мәдениет зор төңкерісі атты саяси аласапыранның және «оңшыл», «солшыл» деген жалалардың құрбаны болған жазушының айдау мен түрме тарихы осылай басталады. 1980 жылы ақталып Қ.Шабданұлы 1986 жылы Совет одағының тыңшысы деген желеумен 15 жылға түрмеге қайта тоғытылып, күні кешеге дейін үйқамақта болып келген.

Мұрат Шайманарұлы, ақын

«Әз ағаңды, Әзілхан Нұршайықовты енді ғана жер қойынына тапсырып келгеніміз осы еді, мына хабарды(Қ.Шабданұлының қазасын) естіп төбемізден жай түскендей болды… Қадыр, Әзілхан, Қажығұмар…
Бұл жақтағы екі ағамыздың өлімінің арты той екен. Қаптаған қалың халық… Мемлекет берген атақ пен даңық, биліктен бастап мықты жоқтаушы, тағы басқасы дегендей.
Мен өлімді салыстырайын деп отырған жоқпын. Ол – Алланың алдында күнә ғой. Менің көкірегімді айырып өкіндіретіні, түпсіз қайғыға салатыны – Қажыкұмар деп аталатын бір ғұмырдың, абыз арманның көзі тірісінде атаусыз қалғаны; жер жады болып, туған топырағын аңсап боздаған жасамыс Нардың иегінің астында тұрған өз топырағына жете алмай кемсеңдеп, мөлтілдеп жатып көз жұмғаны… Мүмкін, ұлы адамдардың тағдыры, көбінде, осылай болып тәмамдалатын шығар.
«Елге келсем, туған жердің топырағы бұйырса…» – деп Елбасына өтініш айтты. Қазақ билігі тыңдамады. «Мемлекеттік сыйлықты берейік!» – деп бастама көтерді бір бөлім зиялы қауым. Оған да кереңқұлақтық танытты рухы өлген ұлт тізгінінің иелері. Ақыры, міне, ол өзінің баянды мекені – «Қылмыс» пен пендешіліктің аулық бақиға аттанып кете барды…
Мені жұбататын бір нәрсе. Ол – Қажағаңның жамбасы тиер жер де қазақтікі. Енді тіпті де қазақтікі болады! Ертең оған дәлел ретінде бұл арада қазақтың ұлы жазушысы Шабданұлы Қажығұмардың кесенесі тұрады. Ал, марапаттар мен сайлықтар ше?! Оның Қажығұмарға көк тиынға кетегі жоқ. Себебі, ол – билік пен қоғам тағайындаған әрқандай марапат пен сыйлықтардан биік тұратын тұлға! Қажығұмар, сен «Қылмысты» емессің, керісінше, сен өмір сүрген заман қылмыскер!»

Advertisements

About kazprose

Қазақ елі аман болсын!

Posted on 2011/02/17, in "Қазақ" газеті, Жедел ақпарат, Киіз кітап and tagged . Bookmark the permalink. 1 пікір.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: