Daily Archives: 2011/03/10

Қайыр хош, жарық көзі!

ҚазҰУ-дің 5-жатақханасында адам сенгісіз заңдар шыға бастады. Осыдан бірер апта бұрын саған 11-ден кейін дәлізде жүруді шектесе, енді бүгін сағат 11-ден кейін бөлмелерден жарықты сөндіру керек деп жатыр. Ал, біздің «билік» студенттердің сабаққа осы түнгі тыныштықта отырып дайындалатынын білмей ме? Білсе мұның өрескел әрекет екенін неге аңғармайды? Қайыр хош, жарық көзі! Студенттер қауымының «Журфак шуынан» кейінгі белсенділігін байқастап көрудің бір жолы шығар бұл. Дегенмен, ертеңнен бастап студенттердің базар жаққа барып үстел шырақ сатып ала бастайтындығы анық.

Advertisements
%d bloggers like this: