Daily Archives: 2011/03/19

BlogCamp @erlankarin

Advertisements

Үлкен қуаныштың бастауы

Бүгін KIMEP-те құрылтайға дайындық өткіздік. Жаңа ғана Жанарбек ағаны күтіп алдым. Ол кісі де қатты қуанып жүр. Бәрімізге де осы бір қуаныштың ортақ екені белгілі, көңілдегі алаң мен үміт ақыры сейіліп, бәрі де қуанышқа айналатын күн жетті. Келе жатқан мерекемен құттықтай отырып, Блог Құрылтайдың сәтті өтегініне сенім білдіре барлық блогерлерді құттықтаймын. Тағы бір игі жаңалық, «Қазақсофт»(төте жазудағы сайт) сайтының құрушысы осы Блог Құрылтайдың ашылуын құттықтай отырып сый ретінде қазақша-қытайша интернет сөздігін тегін іске қосыпты(жоба туралы түсіндірме). Оны жаңа ғана маған хабардар етті. Тәліп Нүсіпұлы ағамыз және басқа да келмекші болған қытайдағы блогшы ағайындар виза берілмеуі себебінен бұл жолғы дүбірлі жиынымызға келе алмады. Блогшы қауымға дұғай сәлем жолдады.

%d bloggers like this: