Қазақ киносындағы соны леп

7-сәуір, яғни бүгін режиссер Ақан Сатаевтің фильмі «Ликвидатор» көрермендерге жол тартты. Көрдік. Сездік. Білдік. Нені көрдік? Ненні сездік? Нені білдік?

Көргеніміз

Шөбі мен шөңгесі көп, сүрінісі мен жаңылысы да жоқ емес қазақ бейне түсірілім тарихы тағы бір қуанды. Мені қуантқаны қазақ киносына экран арқылы адам жанына үңілу үрдісі, писхологиялық төңкеріс, қоғам мен адам, ашалап айтсақ қазақ қоғамындағы заң мен сақшы рөлін көтеруі және идеологиялық сипат алуы болды. Аз сөзбен айтқанда көргеніміз осы.

Сезгеніміз

Көтерген идеяның қуаты және режиссерлік шеберлік жағынан үлкен табысқа, соныға із салған. Бұл менің жай ғана көрермен ретіндегі эмоциям ғана. Бірінші көрілім, алғашқы әсер, әрине, өте жақсы. Еліміз киносындағы жақсы беталыс, кең таралған моды ағым киношылдыққа жоғары сауаттылықпен келіп өз көрермендерін, аудиториясын тәрбиелеу – бұл ертеден басталып, осы күні шырқау шыңына шығуға тиісті сала еді. Бірақ, бізде енді-енді халықтық сипатқа еніп келеді.

Білгеніміз

Қазақ киносы енді дамиды. Сапа мен өнімді көріп те жатырмыз. Енді қазаққа, қазақ кино әлеміне Ақан мырза сынды режиссерден оны, жиырмасы қажет.

Түйін сөзі мынау, «Ликвидатор» сынды жақсы туындыға жол алу барысын «Адасқандар»-дан-ақ танытып үлгерген режиссер «балаға» ақ жол тілейміз. Айта кетер бір өкпе, «жармақ» идеясын «Адасқандар»-да да көтерген еді, енді бұл жолы басқаша алып шығу керек ед…

Advertisements

About kazprose

Қазақ елі аман болсын!

Posted on 2011/04/07, in "Қазақ" газеті, Жедел ақпарат, Журналистика, Киіз кітап, Тез басында қисық ағаш..., Тұлға, Kazprose, Қазақ жайы and tagged , . Bookmark the permalink. 6 пікір.

  1. «Білгеніміз» айдарындағы ойың ұнады, Мейіржан!

  2. Фильм көңілімнен шықты деп айта алмаймын. Әлде Сатаевтан мұнан да «зорды» күткеннен кейін бе екен…

  3. Расында қазақ кино саласында бұрын-соңды бой көрсетпеген соны да тың дүние! Аталмыш кинодан алған әсерім керемет! Меке, өз әсеріңізді тамаша баяндапсыз!

  4. уақыт тауып, көру керек болды 🙂 Рахмет, Мейіржан!

  5. 12aikon1986

    Атын оқып, алдындағы көп кинолардың желісіндегі бірі шығар деп ойлағам… Көру керек болды…

  6. Мынауың рецензияның жаңаша түрі екен, формасы мен тілі ұнады, ал Сатаевтың соңғы туындысын осы сенбіде көреміз, сол кезде пікірімді айта жатармын

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: