Франция поэзия әлемі

Франциялықтардың өз сөзімен айтқанда, Францияның қазіргі поэзия әлемінен екі түрлі бетпе-бет бейнені көреді екен; бірі, реалды тану және барлыққа келтіру мұраты, енді бірі, осы заман трагедиясының мәні. Әркім өзі білгенімен болып жатқан Батыс қоғамындағы осы заман трагедиясының мәнін ұғыну онша қиынға соқпаса да, реалды тану және барлыққа келтіру мұраты дейтін түсіну тым оңайға түсе қойғандай емес. Неге десеңіз, Франция поэзиясы романтизм табалдырығын аттағаннан бастап, ақындар обеъктив мәнге бой ұрып, өлеңді «ақынның көңіл-күйі», «жанның тынысы» деп қараған екен. Әсіресе, реализмге жеткен шақта, мұнанда бір адым ілгерлей түсіп, адамның қалыпты писихологиялық қалін ғана емес, адамдағы аңдаусыз сананы да поэзия дүниесіне жатқызады. Аңдаусыз сананың поэзияда бұлайша дәріптелуі дәстүрлі поэзиямен ат кекілін кесіседі. 50-жылдардан бастап етек алған конструктивизм(құрлымшылдық) осы заман поэзиясы обеъктив поэзия дегенге ойысып, өлеңнің мәні оның мазмұнында емес, ұйқасында да емес, қайта оны жарататын тілде дегенді қуаттайды. Сонымен, үздіксіз жылжыған заманалар көшінде классизмнің «табиғат» пен «ақылын» романтизмнің «мәнін», әсіре реализмнің «аңдаусыз санасын» символизмнің «жасампаздықты сөзге берейік»-ін, конструктивизмнің «бәрін тіл орындайды»-сын басынан кешірген қазіргі Франция поэзия әлемі жүгін енді аңдаусыз сана образы мен осы заманданған тілдің ұштасуына салып отырған тәрізді. Мәселен, сол елдің қазіргі табиғат ақыны, өзгеше лирик делінетін Жан Гросжанның «Жас» деген бір өлеңін келтіріп кетсек теріс болмас:

Жазғы ағаштың көлеңкесі
Жол бойына құлады.
Шілделіктің дауысы
Таңғы ауамен тұнады.

Барады жетім баладай,
Жол кезіп қиыр-қияқты.
Қозғалып кетті көлеңке,
Ал, мен сол қалпым сияқты.

Шақырса да жер түбі,
Тәуекелге арт деп жүгіңді.
Сырқырап менің табаным,
Шаршағаным білінді.

Көлеңкеде дем алдым,
Кітаптан ашпай бір парақ,
Айлар-күндер қасымнан,
Өте берді сипалап.

Авторы: Әзімхан Тышанұлы
Қайнар: «Күлтегін» сайты
Үйлестірген: Мейіржан Әуелханұлы

Advertisements

About kazprose

Қазақ елі аман болсын!

Posted on 2011/04/18, in "Қазақ" газеті, Киіз кітап, Әлем әдебиеті and tagged , , , , , . Bookmark the permalink. Пікір қалдыру.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: