Табысқа жетудің сыры

1953 жылы АҚШ-тағы мәлім бір университет оқу тәмәмдау алдында тұрған он мың студенттің көздеген арман-мақсаттарының бар-жоқтығын тексерген. Нәтижесінде, 3% студенттің ғана алға қойған нысанасы бар екені айқындалған. Демек, АҚШ-тың ең әйгілі университеті түлектерінің 3 пайызы ғана табысқа жетуді ойлады деп қортынды шығаруға болады. 10 жылдан кейін университет осы студенттерді із қуалап тексеру арқылы әлгі көздеген арман-мақсаты мен тырысу ниеті бар 3% студенттің байлығы әлгі он мың студенттің он жыл ішінде тапқан-таянғандарының 50%-нан көп болған. Табысқа жету үшін өте талантты болудың қажеті шамалы, тек алға қойған нысанаң мен жоспарың жақсы болу керек.
Мәлім бір адамның арман-мақсатының болмауы оның таксиге шығып, қайда баратынын айтпауымен бірдей. Егер сізде алға қойған мақсатыңыз айқын болмаса немесе жоқ болса, онда сіз рухы берік, арманы зор адамдарға көмектесіп жүруші ғана боласыз. Сондықтан, қарапайым болса да пенде баласында болашаққа айқын бағдары болуы керек. Адамдар көп жағдайда сәтсіздікке ұшыраудан, масқараға қалудан немесе өз-өзіне сене алмаудан және бұл жағдайдың маңызын түсінбеуден өз болашақ жоспарын жасай алмайды. 12-15 жыл уақытыңыз мектеп пен университетте дәріс оқумен(негізі дәріс оқумен емес, білім алудың жолын үйренумен) өтеді, бірақ, дәл осы барыста ешкім сізге өмір сүретін жолыңызды сызып бермейді.

P.S
Өмір жолының анық шырағданы болса, ол көкірек сарайыңызда үнемі сайрап жатады да, сізге қуат беретін күшке айналады. Жол үстінде кісі келесі жүрер бағытының белгісіздігінен басы қаңғырап, жалғыздық азабын тартады. Бұл – көзге көрінбес ең көрнекті өнер. Сондықтан, жас жігіт, өз өмірің көз алдыңда тұрсын.

Аударған: kazprose

Advertisements

About kazprose

Қазақ елі аман болсын!

Posted on 2011/09/07, in Журналистика and tagged , , . Bookmark the permalink. 2 пікір.

  1. Оқасы жоқ ағасы, бұл әңгіме өзіме де ұнап қалғасын аударып қойдым. 🙂

  2. Материалдық игілік туралы айтылғаныман рухани мақсатқа да қолдануға болады екен. Аударып, жариялағаныңа көп рахмет, Мейіржан!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: