Қытайда жылына 250 мың адам өз-өзіне қол жұмсайды

«Пекин таңы» газетінің хабарлауынша қытайда жылына 250 мың адам өз-өзіне қол жұмсап, 2 миллионнан астам адам көздеген мақсатын орындау барысында жан сақтау бөлімдеріне жеткізіліп, өмірге қайта келеді екен. Жас мөлшері 15-пен 34 аралығындағы жастар арасында өзіне қол жұмсау өлімнің ең басты себебі болып тіркеліп отыр.

Қыркүйектің 10-күні әлімдік 9-кезекті суидцидке қарсы тұру күні. Аталған күннің биылғы тақырыбы «Әр алуан мәдениеттер тоғысқан қоғамда өз өмірін қиюға қарсы тұру». Суидцид қытайда кісі өлімі қатары бойынша бесінші орында тұрса, 15-пен 34 жас аралығындағы жандар арасында кісі өлімі қатары бойынша бірінші орында. Мамандар пікірінше жастар арасындағы өз-өзіне қол жұмсаудың басты себебі жан санының шектен тыс артуы және тұрмыс ауыртпашылығының күн сайын көбеюі мен писхологиялық ақаусыздық болып отырған көрінеді. Жастар арасында орта мектеп оқушылары, университет студенттері және жаңадан шаңырақ көтерген жас отбасылар өз өмірін қиюшылар қатарында молынан кездесіп отыр. Бүгінгі күнде қытайда біз тілге тиек етіп отырған білім алушылар мен жаңа шаңырақ көтерушілердің өміріне түскен қысым ең ауыр. Мектеп бітірушілер бойындағы физиологиялық өзгерістер мен ЖОО-ға емтихан, сәтсіз махаббат сияқты жеке басқа түскен түрлі салмақтарға шыдамаудың соңы осындай қайғылы оқиғаларға әкеліп соғуда. Ал, екінші топ, жаңадан шаңырақ көтерушілердің қоғамдық өмірге жаңа қадам басқандағы түрлі қиыншылықтары, жұмыспен қамту, экономикалық тұрақсыздық, бала тәрбиесі сынды күнделікті мәселелердің шиеленісуі бұл жағдайдың нақты себептері деп қарастырылуда.

Advertisements

About kazprose

Қазақ елі аман болсын!

Posted on 2011/09/17, in Киіз кітап, Өмір and tagged , , . Bookmark the permalink. 1 пікір.

  1. Алла сақтасын.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: